«Арнайы бардым»: Димаш Құдайберген 87 жастағы маңғыстаулық шебердің қолынан бұйым тақты

Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Димаш Құдайберген 87 жастағы маңғыстаулық қолөнер шеберімен кездесіп, өзіне арнап жасаған шашақты алды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ақтау әкімдігіне сілтеме жасап.

Шархат Төлемісова Димаш Құдайбергенге арнап жасаған шашағын табыстау үшін «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекелік шарасының ашылу салтанатына арнайы келіп, 2 күн бойы қатысты.

«Біз — қазақпыз. Қазақтың кішкентай қызы болып өстік, қазір ана болдық, ауылдың данасымыз. Димаш – өзіміздің баламыз. Ақтауға келеді дегенді естіген соң, “неге бір тал шашақ байламасқа?” деп ойладым. Сондықтан кездесіп, домбырасына өз қолыммен тағуды жөн санадым», – деді қарт ана.

Димаш Құдайберген ақ тілеулі анамен арнайы кездесіп, өзіне арнаған шашақты алды.

«Әлеуметтік желіден әжеміздің маған арнайы шашақ жасағанын оқып білдім. Кеше концерттен соң әжемізбен кездесе алмағаным ойымнан кетпеді. Бүгін ағаларыма айтып, арнайы кездесіп отырған жәйім бар”, — деген Димаш әженің қасына еріп келген 10 жасар шөбересіне алқасы мен жүзігін сыйға тартты.

Димашқа батасын берген қарт ана арманы орындалғанын айтты.

“Елдің де, ердің де тілеуін тілеп отырған ана болғандықтан, қазақты әлемге танытып жүрген осы балама арнайы шашақ жасап, оны тапсыру арманым еді”, — деген шеберқол ана Димашқа ақ батасын берді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)