«Ардагерлер далада тұр»: Астанадағы парадта отырған Динара Сәтжан мен күйеуі сынға қалды (ВИДЕО)

Коллаж: ozgeris.info

NNN атымен танымал блогер Нұрдәулет Астанада өткен шеруден видео жариялды. Видео кадрларынан Жұмабек Жанықұлов пен Динара Сәтжанды көруге болады, — деп жазады ozgeris.info сайты.

Блогер келушілер қатарынан көрінген миллиардермен жеке амандасады. Осы тұста Динара Сәтжан Нұрдәулеттен сұхбат беруін сұрайды.

Желі қолданушылары аталмыш видеоға наразылық білдіріп, түрлі пікір қалдырды.

«Парадқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері, олардың отбасылары келу керек. Мынау не, бүкіл блогер жиналып алды», «Ардагерлер сыртта қалып қойғанда мыналарға не жоқ», «Парадқа ардагерді кіргізбеген», «Ардагерді кіргізбеді, бірақ басты ардагер Сәтжан отыр», — деп жазды қалың көпшілік. 

@nnnurdayletttПарад жалғасуда🔥🇰🇿

♬ оригинальный звук — NNNurdaylet_tiktok