«Кім және қалай жөндегені белгісіз»: Досаев 3 рет жөнделген жолға қатысты пікір білдірді

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде Наурызбай ауданының тұрғыны қаладағы жол жөндеу жұмыстарының сапасына шағымданды.

Қала тұрғынының айтуынша, осыдан үш жыл бұрын Досмұхамедов көшесіне кәріз құбыры тартылған, бірақ жұмыс аяқталған соң жол сапасыз қалыпқа түскен. Тұрғындар үш ай сайын қала мен Наурызбай ауданының әкімдігіне арыз жазумен болған.

«Олар төрт рет жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бәрібір жол қатты қисайып, люктер көтеріледі. Бұл жолды кім және қалай жөндегені белгісіз», — деді Алматы тұрғыны.

Аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева жолда шынымен де траншеялардың ақаулары бар екенін растады. Ол кепілдіктің бір бөлігі ретінде жолды жөндеуге уәде берді.

Ерболат Досаев биылдан бастап мердігерлер су құбыры мен кәріз желілерін жүргізгеннен кейін көшенің бүкіл еніне асфальт төсеуге міндетті екенін айтты.

«Негізгі себебін атағым келеді. Біз жолдарды ауыстырған, жаңартқан немесе жаңа жолдарды төсеген кезде, бастапқы жобаларда олар жай ғана траншея қазып, көміп тастаған. Келесі жөндеу кезінде бәрінің дұрыс жасалуына мән беретін боламыз. Содан кейін, әкімдікпен бірге қабылдаймыз», — деп түсіндірді Досаев.

Сондай-ақ әкім қалада жол жөндеуге жеткілікті қаржы бөлініп жатқанын, мәселе мердігерлердің жұмысының сапасында екенін айтты.

«Қазақта «қолдың қайдан өсетінін білесің» деген ескі мақал бар. Сондықтан біз мердігерлер жұмысын сапалы атқаруы үшін талапты күшейтіп жатырмыз. Осы орайда мен мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнан үлкен үміт күтемін. Жаңа заңның аясында бұл мәселелерді шеше аламыз», — деді ол.