Қаржы пирамидаларын жарнамалаған жұлдыздар жазаланады

ІІМ қаржы пирамидаларын жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Ведомство бұл ұсынысты прокуратураға жолдады, — деп хабарлайды Өзгеріс.инфо порталы КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарна мәліметінше, былтыр мұндай ұйымдардан 30 мың адам зардап шегіп, 54 миллиард теңгесінен айырылған.

«Қазақстандық танымал блогерлер, актерлер, әншілер мен спортшылар ақша салып, жинағын ештеңе істемей көбейтуге жиі шақырады. Содан кейін полицияда зардап шеккендер мұқият болмай, осындай ұсыныстарға сеніп, миллиондарынан айрылғанын айтады. Бірақ қазір қаржы пирамидасының жарнамасы үшін жұлдыздарға қауіп төнбейді», — делінген сюжетте.

Сондай-ақ, алаяқтарды жауапкершілікке тарту бойынша статистика келтірілді. Барлығы — 126 адам. 38 адам сотталды, қалғандары бойынша қылмыстық іс жалғасып жатыр. Олардың қатарында «Гаранта 24 Ломбард» ұйымдастырушылар бар (17 мың зардап шеккен). Сот «L-Капитал» пирамидасының екі ұйымдастырушысын күтіп отыр. Олардан 260 миллион теңгеге 300 адам зардап шеккен. Evolution corp. 3 миллиард жинады. Сюжетте алаяқтарды табу қиын екені, өйткені барлық қаражат шетелге жіберілетіні айтылды.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік тәркіленді, оның ішінде 60 автокөлік, төрт пәтер, бес жер учаскесі, 31 жеке үй бар. Іс сотта қаралып жатыр. Біздің ойымызша, тиімді құрал қаржы пирамидаларын жарнамалауға байланысты қылмыс құрамын криминализациялау және сол үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындау болады. Бұл ұсынысты бас прокуратураға жолдадық», — деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.