Шахтадағы апат: 20 тамыз қаралы күн деп жарияланды

FILE PHOTO: A logo is seen on the roof of the ArcelorMittal steelworks headquarters in Ostrava, Czech Republic, April 1, 2016. REUTERS/David W Cerny/File Photo

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына қарасты «Қазақстан» шахтасында апатқа байланысты қаралы күн жарияланды, деп хабарлады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Компанияның бас директоры Владимир Яблонский көңіл айту хатын жолдады.

«Терең күйзеліспен «АрселорМиттал Теміртау» ұжымы атынан мезгілсіз қаза тапқан әріптес кеншілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Бұл қаза – отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы.

Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі.

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ында қаралы күн болып жарияланды», — деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.