Балқашта жантүршігерлік жол апаты болды

Балқашта жол апаты болып, салдарынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 6:00 шамасында Балқаш – Приозерск тасжолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.

 Салдарынан 9 адам оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, — деді Балқаш қалалық ПБ-ның бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.