Алматы облысының спорт майталмандары кәсіби мерекесін атап өтті

Облыс орталығы Қонаев қаласында Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесі қарсаңында «Мәдениет үйінде» ауқымды шара өткізілді.

Жиынды ашқан Алматы облысы дене шынықтыру және спорт Басқармасының басшысы міндетін атқарушы Сарабеков Ерболат құттықтау сөзінде осы саладағы келесі мәселелерді атап өтті: «Бұл бағытта жергілікті бюджеттен өткен жылдан бері 8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жаңадан ашылып, қосымша 448 жаңа жұмыс орыны берілді. Облыста балалар спорты басты назарда. Қазіргі таңда, Райымбек ауданы Қызылшекара ауылында 60 орынды спорт кешенді пайдалануға берілді. Сондай-ақ, спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 7 спорт кешені бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылға дейін өңірде 15 спорт нысанын салу жоспарлануда. 3000 аса спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 450 000-ға жуық адам қамтылды».

Жыл басынан спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық сайыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушылар және спорт мекемелерінің қызметкерлері Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясысының директоры Кульсеитов Нурдаулет Батырбекұлына табысталды. Одан бөлек бірқатар маман Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Құрметті спорт ардагері», «Спорт саласының үздігі» және «Спорт жанашыры» төсбелгілерімен марапатталды. Үш мекемеге қызметтік авто көліктерді табыстау рәсімі өткізілді. Спорт саласына ғұмырын арнап, еңбегі сіңген ардагерлер де елеусіз қалмады. Барлығы 45 ардагерге Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаты және ақшалай сыйақы берілді.