Кәрім Мәсімовтің інісі Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол пара алғаны, бөтеннің мүлкін заңсыз иемденгені, мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленетін болды.