«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін дейін ұзартылды, деп хабарлады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

«Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.