Самат Ерғалиев: “Мақсат мін іздеу емес, мәселені бірлесіп шешу”

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті аймақтардағы спорттық ахуалға сараптама жүргізуді бастады.
Комитет өкілдерінен құралған мониторингтік топ жұмысын Ақмола облысынан бастады. Бүгін бір жетіге созылған сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша арнайы отырыс өтті. Жиынға Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова мен өңірдегі спорт саласының мамандары қатысты.

Самат Серікқанұлы қатысушыларды ақ Олимпиада ойындарының басталуымен құттықтап, сараптама жұмыстарының қорытындысына тоқталып өтті. Төраға Ақмола облысы бойынша атқарылуға тиіс ірі жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді айқындап берді.
“Біздің мақсатымыз мін іздеу емес, мәселені бірлесе шешу. Ақмола облысы қысқы спорт түрлері бойынша тарихы бай өңір. Сол тарихты жандандыру үшін жұмыс жасауымыз керек”-деді төраға.

Сондай-ақ комитет өкілдері Көкшетау және Степногорск қалаларындағы спорт нысандарын аралап, Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп интернатының жұмысын ерекше атап өтті.

Айнагүл Тоқтамұрат