Танымал блогер Zheka қызына үйлену туралы ұсыныс жасады

Қазақстанның танымал блогері Zheka Fatbelly парақшасында сақина салу туралы айтып берді. Ол қызына үйлену туралы ұсыныс жасаған кездегі әсерлі видеосын оқырманына көрсетті, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Видеоның соңында блогер сүйіктісіне ұсыныс жасап, сақина қорапшасын ашады.

«Аллаға шүкір, мен сені таптым. Алла бәріңізге жан жарыңызды табуды нәсіп етсін», — деп жазды Жека.

Блогер қалыңдықтың нақты кім екенін жасырды. Қыз фотоға бетін қолымен жауып түскен.

«Жақсы сөздеріңіз үшін барлығыңызға рақмет. Алладан сұраңыз, ол береді. Мен не сезінемін? Жүрек тыныштығын сезініп тұрмын», — деп жазылған тағы бір фотода.