Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланған

Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке қатысты «Бұзақылық» бабымен тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

«Осы жылдың 18 маусымында «Mega Silkway» сауда, ойын-сауық орталығында орын алған оқиға бойынша Астана қалалалық Полиция департаменті Бейбіт Шуменовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес, аталған азаматқа ресми түрде мемлекетаралық іздеу жарияланды», — деп атап өтті Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін әлеуметтік желіде және бірқатар БАҚ-та Астанадағы ірі сауда, ойын-сауық орталықтарының біріндегі фут-кортта жанжал болғанын жазған едік. Кейінірек қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген азаматтың кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталды.