Қазақстанда қанша жас ғалым бар?

14736909 - smart teacher writing various high school chemistry formula with light bulb symbol of idea and solution

Қазақстанда жас ғалымдардың саны артты. 2018 жылы ғалымдар саны 8 000-нан астам болса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ғылым саласында 9 200 жас қызметкер еңбек етеді. Ғылым саласына жас мамандарды тарту үшін Білім және ғылым министрлігі ауқымды жұмыс атқарды.

«Жастардың ғылым саласына келуі оларды қызықтыратын жағдай жасалып жатқанын білдіреді. Жас зерттеушілерді қолдау үшін мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында ғалымдар саны артты. Ғылым саласын бюджеттен қаржыландыру соңғы екі жылда 2 есеге жуық өсті. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Егер бұрын гранттар конкурсы 3-5 жылда бір рет өткізілетін болса, қазір олар жыл сайын өткізіледі. Есеп беру азайды, бюрократиялық кедергілер жойылды. Жас ғалымдар үшін жеке гранттар қарастырылған. Магистранттар мен докторанттардың стипендиялары айтарлықтай өсті. Жас зерттеушілерге арнайы сыйлықтар тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстандық ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Осылайша, жас ғалымдардың ғылыми идеялары мен әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр», – деп атап өтті ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева.