Динара Сәдуақасова «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалін өткізеді

2023 жылдың 11-19 шілдесі аралығында елордада Астананың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бірегей шара өтеді. Бұл – қазақстандық көрнекті спортшы, түрлі әлем чемпионаттарының жеңімпазы Динара Сәдуақасова басқаратын Шахмат академиясы өткізетін «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

Турнирдің мақсаты – Қазақстанда шахматты спорт түрі ретінде танымал ету және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін шыңдау және жас таланттарды іздеу.

Фестиваль кезінде ұйымдастырылатын турнирлерге әлемнің 16 елінен Қазақстанға келетін 800-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Жүлде қоры рекордтық сома – 40 миллион теңгені құрайды.

Фестиваль аясында төрт турнир өтеді: ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы Кубогының кезеңі, әуесқойлық, балалар арасында және блиц. Жарысқа келетін жеткіншектердің арасында Екібастұз қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері де бар. Фестивальдің ауқымды бағдарламасы мұнымен бітпейді.

Сонымен қатар, «FIDE ұйымдастырушысы» (FIDE – ұлттық федерацияларды біріктіретін халықаралық шахмат федерациясы) атағын алу үшін семинар ұйымдастырылады.

Халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін FIDE ережелері ескеріліп, барлық өзгерістер жаңа талаптарға сәйкес енгізілгенін ерекше атап өткен жөн.

Фестиваль қонақтарына қаланың көрікті жерлерін толық тамашалау үшін «Бәйтерек» монументіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, Океанариумға және этномузейге арнайы экскурсиялар ұйымдастырылады.

ДИНАРА СӘДУАҚАСОВА ТУРАЛЫ

  • Рапидтен әйелдер арасындағы вице-чемпион
  • Әйелдер арасындағы Азия чемпионы
  • Әйелдер арасындағы Орталық Азия чемпионы
  • Рапид шахматтан Азия ойындарының чемпионы
  • Әйелдер арасындағы шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы
  • Халықаралық әйелдер гроссмейстері
  • Халықаралық шебер
  • Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы
  • Қазақстан Республикасының спорт шебері
  • 11 жасынан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі
  • 2020 жылдың қаңтар айының басында Динара әлемдегі ең мықты 10 шахматшы әйелдің қатарына кіріп, 9-шы болды
  • Қазақстан мен Орталық Азияның шахмат тарихында алғаш рет ELO рейтингі 2500 болды
  • 2021 жылы әлем чемпионатында спортшы планетаның ең мықты 8 шахматшысының қатарына енді
  • 2021 жылы оның тақтасында командалық әлем чемпионатының қола жүлдесі болды
  • 2022 жылы рапидтен әлем чемпионатында Динара бірінші орынды иеленіп, тек қосымша көрсеткіш бойынша алтын медальді күміспен бірге жеңіп алды.
  • Халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы әрі жүлдегері
  • «Шахмат ойнауды үйрену», «Шахмат ойнап үйренейк», «Шахматтағы алғашқы қадамдар» кітаптарының авторы
  • Қазақстан спортының тарихында алғаш рет ФИДЕ спортшылары комиссиясын басқарды
  • Астана қаласы шахмат федерациясының Құрметті президенті болып сайланды
  • Шахмат академиясының негізін қалаушы (Астана, Атырау)
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы ЮНИСЕФ балалар қорының ұлттық ізгі ниет елшісі