Мұқтар Жәкішев: “Бірақ бұл — сіздің халқыңыз!”

Қоғамымыздағы жікке бөлінушілік тереңдеп кетпеуі үшін ең алдымен не істеу керек? Мен қазір өз отандастарының тағдыры бойынша шешім қабылдағандардың барлығына өтініш айтқым келеді. Шешім қабылдағанда, бұл сіздің отандастарыңыз екенін бірінші орынға қоюыңыз керек. Олардың орнында сіз де болуыңыз мүмкін, олар да сіздің орныңызда болуы мүмкін. Бірақ бұл сіздің халқыңыз. Сізде басқасы жоқ. Сондықтан, сіз шешім қабылдай отырып, кінәсіз адамды әділетсіз соттап жатқанына сәл де болсын күмәндансаңыз, оны сіздің отандастаңыз болып табылатын жақын адамның пайдасына қарай дәлелдеңіз.

Сізде одан басқа жақын адам жоқ. Бірде-бір француз, бірде-бір американдық сізбен бірге бір елде тұратын адамнан жақын бола алмайды. Біздің мақсаттарымыз бір, балаларымыз бір елде тұрады. Сіз де осы елде тұруды жоспарлап отырсыз.

Біз бәріміз балаларымыз лайықты елге ие болуы үшін мемлекетіміздің жақсы жаққа өзгергенін қалаймыз. Осыны еске сақтағанымыз жөн