Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсырушылар өз қаламсабын пайдалана алмайды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев осындай өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

«Биыл әр оқушыға өз қаламын әкелуге рұқсат бергенбіз. Бірақ оны шпаргалка жасыруға пайдаланған жайттарды көрдік. Мұны ескеріп, осындай шара қабылдап отырмыз», — деді ол.