Қазақты қазақ билемесе, өзгеден опа жоқ…

Қазақты 300 жыл төре биледі. 350 жыл төремен қожа (арапшылдар) биледі. 300 жыл орыс биледі тілмаш арқылы.
30 жыл орыс тілді орысшылдар «Тілмаш үкімет» биледі. Ақыры не болды кім ұтты, кім жкңді, Қазақ не болды? Екі сегіз Қазақ айналып келіп құл болды. Қор болды. Сор болды.
Бәрі айналып келгенде өзге тек, өзге тілді адамдарға басымызды басқаруға бергендіктен.
30 жыл орысшылдар орыс тілді «Тілмаш үкімет» басқарды. Не болды сорың қайнады одан басқа ештеңе емес…Көзіміз жеттіғой.
Қазақтың қорғаны — қазақ! Қазақтың Отаны — қазақ!
Өзіңе өзің жаның ашымаса, қанша тегі қазақ болсада, тілі бала бастан қазақ болмаса бәрібір ит боқ жегенін қоймайтынын 30 жыл дәлелдеп көрсетті ғой…
Енді түсінбесек, бір байламға келмесек, нағыз Қазақтың қазақ тілі таңдауын жасамасақ….Енді ұрпағымыз сорланса біздің құдайғада, жауғада өкпеміз жоққой шіркіннің.
Қазақ Еліне тек қазақ тілді қазақи, бір тіл, бір мақсат, бір ел ұстанымына берік, ата-бабамызға адал Президент таңдап қоятын күніміз алда, біздің таңдауымызды күтіп тұр…
Орыс тілде өскен қазақ бала, орыс әлемінің тұтқыны. Қазақ әлемінің түсіне алмасы анық. Ол бейне орыс тілді ұстазға, қазақша роман жаз дегеннен он есе әділетсіздік, ақымақтық…
Орыс тілді орысшылдан енді басшы болмасын де. Есекте бір сүрінген жерінен екі өтпейді.

 

Ә.Қабдолда,
ҚР жастар партиясы стратегиялық талдау кеңсесінің өкілі.