Алматы облысы Кеген ауданында рәміздер күні аталып өтті

qulantany.kz

Алматы облысы Кеген ауданында ҚР Мемлекеттік рәміздері күні кең көлемде атап өтілді.

Мерекелік шара аудан орталығы «Менің туым-менің мақтанышым» атты көліктер шеруімен басталды.

Еліміздің көк байрағын қолына ұстап, көлікпен желеулеткен азаматтар жалпы саны 11 көлікпен шерулетіп, аймақты дүбірге бөледі.

Орталық алаңда дүйім жұрттың қатысуымен бір уақытта мемлекеттік Әнұран орындалып, арты салтанатты шараға ұйымдастырылды.

Шарада аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғман аудан жұртшылығын құттықтады.

«Рәміздер- тәуелсіз елдің бойтұмары.
Ұлттық рухтың айбары, егемен елдің айдары, тағылымды тарихтан сыр шертер мемлекеттің айшықты таңбасы да осылар. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз тұғырынан түспесін. Көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін!»,-деді Кеген аудандық мәслихаттың төрағасы Алмасбек Нұғман.

Еске сала кетейік, Қазақстанның ең үлкен туы — Алматы аспанында желбіреген еді. Оны көкте желбіреткен парашютистер 3 мың метр биіктікке көтерді. Оқиға Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Айта кетейік, «Ашық аспан» акциясы Іле Алатауының баурайында Республика күніне орай өткізілді.