«Күмбірлеген күміс күй» республикалық домбырашылар байқауы

Ұлтымыздың баға жетпес қазынасы – күй өнері. Күмбірлеген домбыра шанағынан  төгілген қасиетті күй – ұлтымыздың өшпес мұрасы, мақтанышы.                                                                                           

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен қазақ халқының аспапты музыка өнерінің классигі, ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына және Ұлттық  Домбыра күніне арналған «Күмбірлеген күміс күй» ү.ж. 30 маусым күні «Достар» мәдениет сарайында облыстық күйшілер байқауын өткізеді.

Халқымыздың асыл қазынасы күйшілік өнерін сақтау, қасиетті аспабымыз ұлттық домбыра арқылы  тарихымызды, құндылықтарымызды өскелең ұрпақтың санасына терең сіңіру, Құрманғазының  күйлерін халыққа кеңінен  насихаттау, күй  мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, қатысушылардың шеберлігін шыңдау, жаңа есімдерді анықтау байқаудың басты мақсаты болып табылады.

Екі кезеңнен тұратын байқауға 18-35 жас аралығындағы Ақмола облысының  қалалары мен аудандарынан күйшілер қатысады.

Алғашқы іріктеу кезеңі қашықтықтан өтетін болады. Екінші кезең – іріктеп алынған үміткерлер байқаудың гала-концертіне қатысады.

Күйшілер қазылар алқасының назарына екі шығармадан ұсынады: біріншісі  Құрманғазының күйлерінен, екіншісі – өз таңдауы бойынша күй.

Үздік орындаушылардың өнері ұйымдастырушының Instagram және Facebook  әлеуметтік  желілеріндегі парақшаларына жарияланатын болады.

Байқау жеңімпаздары (І, ІІ, ІІІ орын) және қатысушылары диплом мен ақшалай сертификаттармен марапатталады.

Өтетін күні мен уақыты:

30 маусым 2023 жыл, сағ.15.00-де

 Өтетін орны: Көкшетау қаласы

«Достар» мәдениет сарайы        

   Ozgeris.info