«Ақ жол» бизнеске заңсыз залал келтірген шенеуніктердің материалдық жауапкершілігін енгізуді талап етті

Мемлекеттік органдардың тоқмейіл есептеріне қарамастан, елімізде шағын және орта бизнестің жағдайы нашарлап барады. Осыған қатысты «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев бизнеске заңсыз залал келтірген  шенеуніктердің материалдық жауапкершілігін енгізуді талап етті. Оны 27 маусым күні өткен Мәжілістің жалпы отырысында тиісті депутаттық сауалын Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа, Бас Прокурор Берік Асыловқа жолдады, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

Бірінші несие бюросының мәліметі бойынша, биылғы жылдың 1 тоқсанында (өткен кезеңмен салыстырғанда) шағын өндірістердің пайдасы өткен кезеңмен салыстырғанда бірден 20%-ға немесе 1 трлн теңгеге қысқарды.

«Ақ жол» партиясы бұл жағдайды шенеуніктердің жауапсыздығы мен кәсіпкерлердің олардың заңсыз іс-әрекеттерінің алдында қорғансыз қалуының тікелей нәтижесі деп санайды.

Сауалда фракцияның бизнеске заңсыз келтірілген залал үшін мемлекеттік қызметшілердің жеке материалдық жауапкершілігін енгізу ұсынылғанымен, әрдайым бұл түзетулерді талқылаған кезде үкімет пен парламенттік көпшілік оны қабылдатпай тастайтыны айтылған.

Депутаттың айтуынша, нәтижесінде, кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері заңсыз болғанын және олар келтірген залал өтелуге жататынын дәлелдей алған сирек жағдайларда, өтемақыны төлеу басын қатерге тікпейтін, экономика мен бизнеске зиян келтіруді жалғастыра беретін бюрократтарға емес, бюджетке жүктеледі.

Қазіргі уақытта бұл мәселе одан әрі шиеленісу үстінде дейді. Осылайша, біріңғай схемалар бойынша құқықтарының өрескел бұзылуына тап болған бірқатар кәсіпорындар «Ақ жол» партиясына жүгінді екен. Бұл Алматы облысындағы «KZ Recycling» ЖШС, «Солнечный» сүт зауыты, Алматы қаласындағы «Нұртау Темір» ЖШС өндірістік кәсіпорны және т.б.

Кейбір жағдайларда жиырма жыл бұрын кәсіпкерлік үшін жер телімдерін алу кезінде мемлекеттік органдар барлық қажетті рұқсаттарды беріп, кәсіпкерлер инвестиция құйып, өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алып, орнатып, салық төлеп, жүздеген адамды жұмыспен қамтамасыз етіп жатса да, мысалы, 900 астам адам еңбек ететін «KZ Recycling» ЖШС секілді, бірақ, соңғы жылдары санитарлық нормаларды бұза отырып, жергілікті биліктің қандай жолмен алынғаны белгісіз рұқсатымен өндіріс айналасындағы  санитарлық аймақта тұрғын үй құрылыстары басталып кеткені келтіріледі.

Осыған байланысты, адал жолмен санитарлық аймақтан баспана сатып алған тұрғындардан өндірістік шу мен иіс-қонға қатысты арыз-шағымдар түсіп, кәсіпорынның жабылуын талап етіледі.

Фракция жетекшісі Оралдағы «Кублей» зауытына қатысты жағдай туралы келтіреді. Онда да қайталанып жатқанын, шенеуніктер рұқсат қағазын беріп, артынша тұруға жарамсыз жерден баспана алып алданған адамдарды бизнеске қарсы қояды, демек, мұндай әрекеттер жаппай етек алатын секілді, депутаттың сөзінше.

Кейбір жағдайларда, шенеуніктер бизнес құрылған кезеңде атымен болмаған санэпидережелер нормалары мен экологиялық талаптарға кері күш беріп, қысым жасайды екен. Соның ішінде, әлеуметтік араздықты өршітіп, кәсіпкерлерге қарсы арыздар мен тексерістер ұйымдастыру арқылы.

«Мәселен, 2018-2020 жылдар аралығында «Нұртау Темір» ЖШС-де 50-ден астам жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге тап болып, нәтижесінде ешқандай экологиялық бұзушылықтар анықталған жоқ. Жергілікті емхана кәсіпорын жұмысына байланысты аурулардың көбеюін анықтаған жоқ, ресми сараптама да атмосфералық ауа, шу және діріл нормаларының сәйкестігін растады. Алайда 2021 жылы жергілікті экология департаменті сот арқылы компанияның қызметін тоқтатуға қол жеткізді. Қазіргі уақытта барлық әкімдіктер барлық кәсіпорындарды жабылуға не көшірілуге итермелеуде. Алайда, мыңдаған адам жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорын — сүйремелі тамақтану дүңгіршегі емес. Сонда банкет кімнің есебінен болады деген сұрақ туындайды?«, — деді А.Перуашев.