«Ақжол» депутаты салықты екі пайызға дейін төмендетуді сұрады

2023 жылдың 14 маусымында «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі ұйымдастырған мәжіліс отырысында аймақтардың әкімдерінен бөлшек салық мөлшерлемесін екі пайызға дейін төмендетуді сұрады, деп хабарлайды ozgeris.info

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау шарасы ретінде аталған тұрақты негізде арнайы бөлшек салық режимі ретроспективті түрде енгізілді.
Бұл ретте заңда жергілікті мемлекеттік органдардың қарауына қарай жеке тұлғалар үшін бөлшек салықтың 2-ден 4 пайызға дейін «өзгермелі» мөлшерлемесі қарастырылған.
Алайда соңғы жарты жылда бірде-бір өңір мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдаған жоқ, барлығы 4 пайыздық жоғарғы шекті қолданып жатыр.
Нәтижесінде, бұрын жеңілдетілген салық режимінде (АСР) шағын бизнес 3 пайыз төлесе, енді 4 пайыздан 8 пайызға дейін төлеуге мәжбүр. Яғни, күтілген жеңілдіктің орнына салық жүктемесінің артуы байқалды,- дейді Ерлан Барлыбаев.

Осыған орай, биылғы жылдың 26 сәуірінде «Ақ жол» фракциясы депутаттық сауалында Үкіметке шағын және микро бизнес үшін (айналымы 100 000 АЕК-ке дейін) 2 пайыз деңгейінде бірыңғай бөлшек салықты енгізуді ұсынды.
Алайда, Үкімет бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың құзырында деп жауап берді.
«Ақ жол» партиясының өңірлердегі жергілікті мәслихат депутаттары тиісті ұсыныстарын жолдады, бірақ, мысалы, Қостанай облысында болғандай, жергілікті мемлекеттік кірістер департаменттерінің қарсылығына тап болып отыр,- дейді депутат.

Шағын кәсіпкерліктің рөлі экономикалықтан гөрі, әлеуметтік сипатқа ие. Шағын кәсіпкерлер олигарх не жемқорлар емес. Олар миллиардтарды оффшорға шығарып жатқан жоқ. Олардың яхталары немесе жеке ұшақтары жоқ.
Бірақ олардың еңбегі – мемлекеттен ештеңе сұрамай, өздерін ғана емес, өзгелерді де жұмыспен қамтып, мемлекетке барынша көмектесіп жатыр.

Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мен мәслихат төрағаларынан – заңды құқықтарыңызды пайдаланып, шағын бизнес үшін бөлшек сауда салығы мөлшерлемесін 4-тен 2 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдауды сұрайды.