Креативті бөтелке жәшігі орнатылды

«Qosyl Qyzylorda» жастар орталығының «Эко-Sana» жастардың экологиялық бастамаларына қолдау көрсету» әлеуметтік жобасының қатысушысы Сабыржан Куандык жетекшілік етіп жүрген «Қазақстан студенттер альянсы» бастамашыл тобының шағын гранты аясында бөтелке формасындағы қоқыс жәшігі жасалды.

Бөтелке жәшігі Ы.Жақаев көшесіндегі арбаттың орталығына орналастырылды. Жәшікке пластикалық бөтелкелерді тастауға болады.

Қоқыстарды сұрыптап лақтырудың нәтижесінде экологиялық проблемалардың алдын ала аламыз. Мүмкін алдағы уақытта өзге қолдаушылардың көмегімен санын көбейтеміз?!

 

 Сабыржан Кеңшілік,

«Qosyl» Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры