19 қаңтар-6 ақпан аралығында футзалдан Еуропа чемпионаты өтеді

19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында 2022 жылғы футзалдан Еуропа чемпионаты Нидерландыда өтеді. Бұл жолғы додада алғаш рет 16 құрама бақ сынайды.

Сонымен қатар, УЕФА шешімі бойынша ЕУРО чемпионаты төрт жылда бір рет өткізіледі. Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасы  2016 жылғы Сербияда өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегер атанды. Ал былтыр ғана пандемия себебінен шегерілген 2020 жылғы Әлем чемпионатында үздік төрттіктен көрінген болатын.

Отандастарымыз  Еуропа чемпионатында  В тобында өнер көрсетіп,  Италия, Словения, Финляндия елдерімен бақ сынайды, алғашқы ойынды 20-қаңтар күні Словения еліне қарсы өткізеді. Еліміздің спортшыларына жанкүйер боламыз деушілер, 20-қаңтар күні сағат түнгі 22:30-да «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көре алады.