Студенттер Республикалық Олимпиадада бақ сынауда

28-30 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның барлық  жоғарғы оқу орындары қатысқан  X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Еліміздің әр өңірінен жиналған жастар республикалық студенттік олимпиада бақ сынады. Бір ерекшелігі, қатысушылар  түрлі мамандықтар иесі болып табылады. Жалпы бұл олимпиаданың маңызы – Қазақстандағы ең  үздік студенттердің танымдық қабілеттерін дамыта отырып, өз бетінше білім алуға мүмкіндік береді. Оқу мен оқытудағы жаңа мүмкіндіктерді тиімді ұштастырады.деп хабарлаиды Ozgeris.info ақпараттық агентігі.

Түркі халқының қазіргі таңдағы ең өзекті проблемаларын алға қойып отырған, оның дамытуына өзіндік үлесін қосып жүрген ғылыми, жаңа мамандығымыздың бірі «Түркітану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2023 жылдың 19 сәуір күні оффлайн форматта Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттер арасында Республикалық олимпиада өтті.

 

Негізінен, түркітану – түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, этнографиясын, тарихын, ауыз әдебиетін, мәдениетін зерттейтін, түркі халықтарының байланысы мен жан-жақты саласында дамуына өзіндік ерекше үлесін қосатын, жаңа, өзіндік маңызы бар ғылым саласының бірі.

Республикалық олимпидаға Қазақстандағы ең үздік деген жоғарғы оқу орнының студенттері қатысты. Бұл үрдіс дәстүрлі түрде қара шаңырағымызда өтуде.

Бұл шараның негізінде, жан-жақтан қатысушы тәлімгерлердің түркітануға көзқарасы әртүрлі екендігін байқап қана қоймай, біреуі тіліне қызықса, біреуі тарихына, біреуі мәдениетіне, біреуі әдебиетіне т.б екендігін, соынмен қатар, студенттердің түркітанудағы ізденетін саласы әрқилы екендігін байқауға болды. Ең бастысы, бұл олимпиададан біз басқа университеттердің студенттері бір-бірімен білім алмасып, олардың ғылымға деген қөзқарастарын білу болды.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды, бірінші «Ғылыми жоба» бойынша студент өзі қызыққан тақырып бойынша жобасын қорғады, екіншісі – теориялық сұрақ неігізіндегі студенттердің жалпы білімі мен ғылыми көзқарасын анықтауға бағытталды. Студенттер түркі халықтарындағы салт-дәстүрі мен әшекей-бұйымдары, киім-кешектері бойынша, көне түркі жазба мұраларының зерттелуі, елдің өзіндік ерекшелігін сипаттайтын тілдік байланыстарды жан-жақты зерттеуге, жаңалықтарымен бөлісуге тырысты. Соның ішіндегі ерекше атап өтуге болатыны – студенттердің қазіргі таңдағы көпшіліктің қолдана алатын заманауи мобильдік қосымша негізінде тарихы тереңнен бастау алатын түркі халықтарының маңыздылығы мен ерекшелігін көрсететін ақпараттарды халыққа ұсынудың жолын көрсету болды.

Стартап мобильдік қосымша арқылы көптеген мәліметті жылдам әрі қолжетімді етіп ала алу, тек елімізде емес, барша түркі халықтарының пайдалана алуы түркі халықтары үшін өте маңызды.

Республикалық олимпиада соңында жеңімпаздарға мадақтамаларын сыйлап, нәтижесі бойынша сыйлықтарын ұсынып іс-шараны сәтті тамамдадық.

 

Филология факультеті

Түркітану және тіл теориясының

оқытушысы, Ешметова Б.Б.

Түркітану мамандығының 4 курс студенті

Фати-Мухаммед Жұлдыз

Ozgeris.info