Qazaqstan Live Fest 2023 көрмесі өтеді

Qazaqstan Live Fest 2023 көрмесіне өз ішінде туризм, спорт және белсенді өмір салтын біріктірген оқиғаға қош келдіңіздер!

18-20 мамыр аралығында Сіздерді Астана қаласына Қазақстанның көрікті жерлерінен рақат алып, демалыңызды денсаулыққа деген пайдамен қалай өткізу керектігі туралы көбірек білуге шақырамыз.

Көрмеде Қазақстанның Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Түркістан облыстары, Шымкент қаласы секілді өңірлер, Шымбұлақ таушаңғы курорты, Kazakh Tourism және т.б. өз өнімдерін ұсынады. Әрбір стенд туристерге және өз өңірлерінің белсенді демалыс әуесқойларына арналған бірегей мүмкіндіктерін көрсету үшін өз бағдарламаларын дайындады.

Сонымен қатар, Qazaqstan Live Fest 2023 көрмесінде туризм мен спортқа арналған ең жаңа және инновациялық технологиялар ұсынылатын болады. Экстремалды ойын-сауық пен спорттың жаңа түрлерін сынап көріп, саяхатқа арналған жаңа бағыттар туралы біліп, сондай-ақ спорт шараларына арналған технологиялар мен инфрақұрылымдар саласындағы ең жаңа жетістіктерді тамашалай аласыздар.

Көрмеге Garmin, Kantai City Planning, PS Group, Маори, Winox, Invictus фитнес-клубтары және басқалар қатысады. Олардың әрбіреуі спорт пен туризм саласындағы қызметтері мен инновациялық әзірлемелерін көрсетеді.

Winox, Invictus, World Class фитнес-клубтары фитнес және салауатты өмір  салты жөнінде көрсетілім сабақтарын жүргізеді, сонымен қатар клуб қонақтарына арналған өздерінің бағдарламалары мен қызметтері туралы айтады.

Көрме аясында 18 – 19 мамыр күндері туризм және қонақжайлылық мәселелеріне байланысты екі негізгі блоктан тұратынTRAVELHUB Kazakhstan конференциясы болады.

18 мамырда Travel Industry Day конференциясында ТМД елдерінде туризмді дамыту саласының сараптамасы, салалық статистика және туристік трендтер, туристік саладағы дестинациялық маркетинг және  GovTech секілді саланың өзекті мәселелері  талқыланады.

Traveltech Day  конференциясының екінші күні  ТМД елдерінің туристік нарығының түрлі буынындағы  технологиялар мен даму мүмкіндіктеріне арналады.  Қонақүй бөлігіндегі, саяхаттар мен белсенділік буындарындағы Traveltech, сондай-ақ  перспективті Traveltech сервистері мен стартаптар мәселелері талқыланады.  Конференцияға саланың жетекші мамандары жиналып, өздерінің жобалары мен болашаққа деген болжамдарын ұсынады.

Іс-шараны Kazakh Tourism компаниясы Travel Startups қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Сонымен қатар көрме жұмысы күндері Qazaqstan Live Fest экспозициясы аумағында Astana Half жартылай марафоныныңқатысушыларына бастапқы пакеттер беріледі. Бұл – әлемнің түрлі елдерінен спортшыларды тартатын, Астана қаласында 3023 жылдың 21 мамырында өтетін ірі спорттық іс-шара.

Осылайша, Astana Half жартылай марафонының қатыушылары өздерінің бастапқы пакеттерін Qazaqstan Live Fest көрмесі аумағында ыңғайлы және тез алып, экспозияцияны тамашалап, туризм және спорт индустриясының түрлі қатысушыларымен таныса алады.

QLF спорттық бағдарламасына Invictus Fitness Astana, WINOX, World Class фитнес-клубтарының алдыңғы қатарлы фитнес-тренерлерінен және клубтың спорт дәрігерлерінен пайдалы дәрістер енеді.

19 мамырда «Әуесқой спортшылар мен жас спортшылардың тамақтануы» тақырыбында дәріс өтеді, оны жоғары медициналық білімі бар әрі жұмыс істеп жүрген диетолог Савельева Виктория жүргізеді.

Дәрісте қатысушылар спортта жоғары дәрежеге қол жеткізу үшін қалай дұрыс тамақтану керектігі жайлы, сондай-ақ жас спортшыларға тамақтану рационын қалайша дұрыс жасау керектігін біле алады.

Биохакер, марафоншы және вело-саяхатшы Жанғали Күзембаев биохакинг технолоиясы арқылы жастық пен сергектікті қалай ұзартуға болатыны туралы айтып береді.  «Биохакинг – бұл жастық пен сергектікті ұзарту. Дене шынықтыру, тамақтану және дұрыс ұйқы».

WINOX фитнес-клубы 19 мамырда барлық ниет білдірушілерді «Жарақаттанудың алдын-алу. Тізе буынының проблемалары бар атлеттердің тренингі.  Остеоартрит және остеоартроз. Тегіршіктің және тізе буындарының байланыстыру аппаратының зақымдалуы»  тақырыбында дәріс алуға шақырады. Іс-шараның спикері – спорт дәрігері, ЕДШ, реабилитолог, «АМУ» ҰБА-ның кинезиотерапия курсының меңгерушісі Лабунец Андрей.

Дәріс шеңберінде тізе буыны жарақатының алдын алып, проблемаларын қалай түзетуге болатыны туралы білесіздер. Лабунец Андрей тізе буындарының проблемалары бар атлеттерді жаттықтырудағы өзінің білімімен және тәжірибесімен бөліседі, сонымен қатар буындарыңызға қалай дұрыс күтім жасау керектігі жайлы айтады.

Сонымен қатар 19 мамырда көрме алаңында World Class фитнес-клубтар желісінен «Stability. Буындардың мықтылығы мен табиғи қозғалысын жақсартуға бағытталған жаттығу» атты шеберлік сабағы өтеді.

20 мамыр күні «Балалық және жасөспірімдік шақтағы дене салмағының артық болуы. Проблемалары мен оларды шешу жолдары» атты дәріс өтеді.  WINOX фитнес клубының аға жаттықтырушысы әрі жаттығу залының супервайзері Андриянов Александрдің жетекшілігімен өткізілетін сабақта балалар мен жасөспірімдердің денесінде артық салмақтың пайда болуына әсер ететін қандай факторлар барын және артық салмақпен байланысты түрлі проблемалардан арылу үшін тамақты және спортпен шұғылдануды қалай дұрыс таңдап алу керектігін білесіздер.

Дәрістер тек спортшыларға ғана емес, өз денсаулықтарын ойлайтын және белсенді өмір салтын жүргізетін барлық адамдарға пайдалы болады.

Qazaqstan Live Fest көрмесі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қаласының әкімдігінің, Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан туристік ассоциациясының (ҚТА), ҚР ӨГжТНА Гидтер мен туристік нысандар ассоциациясының, KITO, QazExpoCongress ұлттық компаниясының ресми қолдауымен өтеді.

 

Көрменің стратегиялық серіктесі — Kazakh Tourism ұлттық компаниясы.

Ресми серіктесі – Astana Half  жартылай марафоны.

Көрменің ресми курорт-серіктесі – Шымбұлақ таушаңғы курорты, ресми фитнес-серіктесі – Invictus Go фитнес-клубтар желісі.

Ақпараттық серіктестері – Давай Сходим!, National Geographic Qazaqstan, Profi. Travel, satu.kz, ECOT, Бизнес-Мир, Деловые Эмираты; Expomap, Expoclub, Worldexpo, Totalexpo көрме порталдары.

Ұйымдастырушы: BMCA көрме компаниясы.

Көрмені тамашалау — тегін. Қонақтарды тіркеу сайтта сілтемесі бойынша жүргізіледі.

 

Qazaqstan LIVE Fest көрмесі туралы толық ақпарат алу үшін ұйымдастырушыларға хабарласыңыз!

 

PR-менеджер: Айнагүл Майлыбаева 

ainagul.mailybayeva@bmca.kz

Ұялы тел. +77772463636