«Ақ жол» мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамыту саласын айыптады

«Ақ жол»  индустрия министрлігін мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамытуда әрекетсіз отыр деп айыптап, мұнайгаз өнімдерін бөлу туралы ірі келісімдерді қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо. Бұл туралы 10 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын Азат Перуашев жариялады.

ҚР Бірінші вице-премьері Р.Склярға жолдаған сауалында «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасына сәйкес Қазақстанның табиғи ресурстарын ұлттық экономиканың бағытын өзгертуге, технологиялық өндірістерді дамытуға және шикізаттық тәуелділіктен арылуға пайдалану мәселесіне ерекше орын берілгенін айтты. Бұл үдерісте Қазақстанның ірі кен орындарын пайдаланатын жетекші шетелдік инвесторлар маңызды рөл атқаруы тиіс.

Алайда, «Ақ жол» партиясының сауалында, отыз жылда мұнай мен газымызды шығарып жатқан бірде-бір шетелдік инвестор осы күнге дейін елімізде бірде-бір мұнай өңдеу зауытын салмағанын, сондай-ақ, осы табиғи ресурстарымызды өндіру үшін инвесторлардың өздері алып келетін құрал-жабдықтарды шығаратын қазақстандық бизнеспен бірде-бір бірлескен кәсіпорын құрылмағанын айтты.

«Машина жасаушылар одағының деректері бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мұнай-газ жабдықтарын импорттауға жыл сайын 2 миллиард АҚШ долларына дейін, яғни 1 триллион теңгеге жуық қаржы жұмсайды, жалпы алғанда олар жылына 8 құны триллион теңгеге жуық өнімді импорттайды. Мұның көп бөлігін отандық зауыттарда да өндіруге болады. Бұл жұмыс орындары, салықтар және экономиканың технологиялық дамуы», — деді депутат.

«Ақ жол» партиясы шикізат алпауыттарының үлесі салықпен шектеліп қалмай, ұлттық экономика құрылымын өзгертіп жатыр. Бұл өңдеуші өнеркәсіптерге жәрдемдесуде, пайдаланатын жабдықтардың технологияларын қазақстандық серіктестерге беруде және т.б. көрініс табуы тиіс екеніне сенімді деп санайды.

«Алайда, Жер қойнауы туралы кодекске енгізуге ұсынылған өзгертулерімізді талқылау барысында, Энергетика министрлігі, керісінше, Қазақстанның табиғи байлығын сатушы инвесторлардың үлесі салықпен шектелуі керек деп есептейтінін, ал Конституцияның жер қойнауы халықтың меншігі екендігі туралы норма ештеңені өзгертпейтінін мәлімдеді.

Бірақ, салықты дүкеннен СТО-ға дейінгі кез-келген кәсіп иесі төлейді; олар оған тиесілі болса да. Ал бұл жерде халыққа тиесілі ірі кен орындарын пайдалану туралы сөз болып отыр.

Үш жыл бұрын бизнес-қоғамдастық пен үкіметтің қысымымен жетекші мұнай-газ консорциумдары (ТШО, Қарашығанақ ВР және NCOC (Қашаған) Мұнай және газ көлікқұрылысын дамытудың халықаралық орталығын құрды. Осы Орталықтың құрылуы нәтижесінде мұнай-газ жабдықтарын шығаратын кемінде 10 жаңа ірі өндіріс орны пайда болады деп күтілді — мұндай жоспарлар үкімет сайтында жарияланған.

Алайда, Орталықтың барлық жұмысы деректер жинау, жағдайды бақылау және жоспарлар жасаумен шектелген.

Мысалы, клапандарды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 8 пайызды,

Бақылау-өлшеу құралдары мен автоматикада – 0,1%.

Сорғылар мен тығыздағыштарда – 0%.

Технологиялық фильтрлар бойынша – 0,3% және т.б. құрайтыны анықталды.

Отандық кәсіпорындар операторлардың қажеттіліктері және олар сатып алатын жабдықтың техникалық сипаттамалары туралы деректермен қамтамасыз ету біз күткендей болмады.

Технологияларын трансферттеу және бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлемдік өндірушілерді таңдауда ешқандай көмек көрсетілмейді.

Ең бастысы, Орталықтың үш жылдағы жұмысы шетелдік инвесторлар мен қазақстандық компаниялар арасындағы келісімшарттардың артуына әкелмеді.

Бірде-бір жаңа 10 ірі кәсіпорын, бірлескен өндіріс, тіпті лицензияларды беру туралы бір ауыз сөз айтылмады.

Яғни, тағыда қазақстандық бизнесті «құр алдарқатып», ал шын мәнінде ешқандай сүбелі іс атқармаған.

Осы бастаманы дамыту мақсатында 2021 жылы «Ақ жол» фракциясы «Өндірістік саясат туралы» заңға ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен өндірушілер арасындағы офсеттік мәмілелер мен оффтейк келісім-шарттар сияқты құралдарды енгізуге қол жеткізгенімен, олар Индустрия министрлігінің құр уәдесі мен әрекетсіздігінен жұмыс істемей қалды.

Мәселе, тіпті, Орталықта да емес,  инвесторлардың  еліміздің ұлттық мүддесін елемеуінің 30 жылдық тәжірибесінде.

«Ақ жол» фракцияның алдыңғы ұсыныстарын, сондай-ақ Қазақстанның жері мен пайдалы қазбалары халыққа тиесілі деген қағидаға сүйене отырып, ұсынамыз:

1) Мұнай-газ көлікқұрылысы халықаралық орталығы қызметінің сәтсіздігінің және оны құру кезінде қойылған міндеттерді орындамауының себептерін хабарлау;

2) Орталық басшылығын және оның ірі мұнай-газ компаниялары түріндегі құрылтайшыларын белгіленген талаптарды қатаң сақтауға міндеттеу

3) Қазақстан Конституциясы мен ұлттық мүдделерiмiзге сай келмеуі себепті аталған мұнай-газ консорциумдарымен өнiмдi бөлу туралы келiсiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзартудың орынсыздығы туралы мәселені қарастыру», — деді А.Перуашев өз сауалында.