Қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын қалай жоямыз?

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте: «Қала мен ауыл арасында білім сапасының алшақтығы әлі де бар. Білім сапасы бойынша Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда төмен көрсеткіштерге ие», — деп атап өтті вице-премьер Алтай Көлгінов.

Халықаралық зерттеулердің нәтижелері қазақстандық оқушылардың білім деңгейі ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткішінен артта қалып отырғанын көрсетеді. Осы ретте бұл көрсеткіштердің төмен болуына ауылдық жерлердегі мектептерде білікті ұстаздардың тапшылығы болып отыр.

Бүгінгі күнде білім беру эволюциясының негізгі бағыттары оқушылардың әлеуетін дамытуға және нәтижеге бағытталған оқыту болып табылатынын ескерсек, бір ғана мәлімет көзінен білім алу тәсілі қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді. Оқушыларға онлайн білім беру формаларының элементтері бар жаңа, дербестендірілген және интерактивті оқыту ортасы қажет. Бұл өз кезегінде, қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға септігін тигізеді.

Елімізде онлайн оқу жобасын сәтті іске асырып жатқан Zerdeli ақыл-ой дамыту орталығы жаңа оқу бағдарламасын ұсынуда. Мәселен, онлайн оқу білікті ұстаздың сүйемелдеуімен арнайы даярланған zerdeli платформасында жүргізіледі, сонымен қатар Зерделінің авторлық оқулықтары қолданылады. Бұл онлайн оқу форматы, оқушыға қосарланған білім береді және білім сапасын жоғарылатады.

Онлайн форматтағы ұстаздар білім берудегі инновациялық жүйені қолданады. Ол баламен жеке жұмыс жасай отырып, теориядан гөрі, тәжірибеге көп назар аударады. Қысқа уақыт ішінде бірнеше тақырыпты пысықтай алады. Зерделі платформасында оқушылар видеосабақты көре алады, үй жұмысын жасайды, қажетті материалды іздеп тауып, тақырыпты пысықтайды. Видеосабақтар құрамы: білікті ұстаздардың пән курстары, анимациялармен қамтылған қызықты форматтағы бейнелер, қиын тақырыптарды жеңілдедіп түсіндіру технологиялары. Бұл платформада бала өздігінен сабақ оқып, үй жұмысын орындайды.

Zerdeli Online мектебінің көмегімен, оқушы шалғай ауылда отырып, қалалық білім деңгейіне қол жеткізе алады. Демек, бұл еліміздің төрткүл бұрышындағы балалардың сапалы білімге қол жеткізетін онлайн мектебі.

Жаңа сандық технологияларды қолдануға негізделген әдіс оқушыларды сыныптан тыс уақытта да жұмысқа ынталандыратын шығармашылық, интерактивті оқыту ортасын құруға ықпал етеді. Оқушы тек ұстаздың сұрауымен емес, өздігінен оқуға күш салады.

Zerdeli Online мектебі еліміздегі білім берудегі революциялық серпіліс екені рас. Оның маңыздылығын республика бойынша оқушылардың білім деңгейі жоғары көрсеткішке жеткен кезде көретінімізге сенімдіміз.

Гүлайым Оралбаева