Қазақстандықтар 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп несие алған

Еліміздегі банктер соңғы 10 айда халыққа жалпы сомасы 7 трлн теңге несие берген. Оның ішінде 5,7 трлн теңге тұтынушылық қажеттіліктерге (81%) және 1,3 трлн теңге жылжымайтын мүлікті салуға немесе сатып алуға (19%) берілген. 

Мысалы, Жамбыл облысының ЖӨӨ 1,9 трлн.  теңге, ал Алматы облысы – 3,7 трлн.  теңгені, ал ЖӨӨ көлемі 70,6 трлн.  теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, 10 айдағы ипотекалық (8,4%) және тұтынушылық (19,2%) несиелері бойынша жоғары пайыздарға қарамастан банктердің халыққа берген несиелерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан.

Экономикалық тұрғыдан алғанда бұл мәселенің оң әсері бар, яғни халықтың көпшілігі баспана сатып ала бастады, бұл өз кезегінде құрылыс бригадаларын жалдауға, құрылыс материалдарын, жиһаздарды, тұрмыстық техниканы сатып алуға және осылайша, салааралық тепе-теңдікте мультипликаторлық әсер іс жүзінде экономиканың барлық секторларына әсер етті.

Бұл көрсеткіштердің барлығы да оң нәтиже көрсетіп жатқанымен, тұрғындар алынған несиесі бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелерін орындай ала ма деген сұрақ ойға келеді.

 

Datametrics.