Қара шаңырақпен болашаққа нық қадам!

«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жылының аясында 2022-2023 оқу жылының көлемінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті физика-техникалық факультеті, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұжымының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 25-қараша күні 406 аудиторияда сағат 10-00-ден басталған шахмат турнирі өте тартымды өтті. «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековтың атынан жыл сайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада және шахматтан өткен турнирге Жоғары Оқу орындарының 1-ші курс студенттері мен 11-сыныпты бітіруші мектеп оқушылары қатысып, жарыс жоғарғы деңгейде өте тартысты өтті.

Белсенді қатысқан оқу орындарын атап айтатын болсақ: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университеті, Ғ. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс унивеситеті, Азаматтық авиация академиясы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Ядролық физика институты, №178 лицейі, №44 орта мектебі, №5 гимназиясы және №42 орта мектептері қатысты. Өте жақсы ойын көрсеткендер, жүлделі орын алғандар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтар болсақ, шахмат ойыны дәстүрінің бірден-бір ерекшелігі жастардың ой-өрісін арттыруға, ойлау қабілеттерінің ерекшеленуіне көптен-көп ықпалы болатынына сенімдіміз. Осындай Республикалық деңгейдегі олимпиадалық жарыстардың ерекшелігі, мектеп бітіруші 11-ші сынып оқушыларын жүйелі түрде жарысқа шақыру, олимпиада және шахматтан өткен турнирлер университетіміздің абыройын асқақтатып, физика-техникалық факультеттің, соның ішінде жылуфизика және техникалық физика кафедрасының дайындайтын мамандықтарына: техникалық физика, жылу энергетикасы мен стандарттау және сертификаттау мамандықтары бойынша түсінік беру мектеп бітіруші оқушылардың арасындағы қызығушылықты арттыру бағыты деп бағалаймыз. Мектеп бітіруші жастар жарыстарға қатыса отырып, кафедра өмірімен, зертханалық аудиториялардың жабдықтарымен, ғылыми негізде қызықты жүргізілетін және орындалатын ғылыми бағыттарымен танысып, мамандық таңдаудағы алған бағытын нақтылайтындығына сенімдіміз және оған күмән келтіруге еш себеп жоқ.

Құрметті мектеп бітіруші жастар! Сіздер үшін университетіміздің есігі әрдайым айқара ашық. Біздің университеті таңдаңыздар, асыға күтеміз.

 

Досжанов О.М., т.ғ.к. Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы,

Досжанов Е.О., PhD докторы, Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының профессор м.а.

Оспан Әсел, Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы