Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған пікірсайыс

Көкшетау қаласында 1 сәуірде Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған пікірсайыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы Қазақстан қоғамында орын алған өзекті проблемалық жағдайларды талдау және жария талқылау, Ақмола облысы жастарының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінде сағат 10:00-де Ақмола облысының орта-арнаулы оқу орындары студенттерінің арасындағы ақын, композитор Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған пікірсайыс турнирін өткізуді жоспарлап отыр.

Пікірсайыс турниріне Ақмола облысының ТжКБ студенттері қатысады.

Турнирді өткізуді ұйымдастыру өзін мықты спикерлер және объективті төрешілер ретінде көрсеткен тәжірибелі пікірсайысшылардан тұратын бас төрешілер алқасына жүктеледі. Турнирге екі адамнан құралған командалар қатыса алады. Іс-шара Американдық парламенттік формат бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. Турнир келесі схема бойынша өтеді: үш іріктеу кезеңі, ¼ финал (қажет болған жағдайда), жартылай финал және финал.

Өтетін орны: Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі.

Турнирге қатысу үшін mrc_akmola@mail.ru электрондық пошта арқылы өтінімдер ұсынылды.