Presidential Ball KAZGUU — 2023

Maqsut Narikbayev Unıversıty жыл сайынғы дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU» іс-шарасын Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өткізеді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің музыкалық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен, университеттік Президенттік бал жылдан жылға қарқынды түрде дамып, жаңа деңгейге бет алып жатыр.

«Presidential Ball KAZGUU» мақсаты – «Қоғамға қызмет» бағдарламасы аясында жас ұрпақты рухани дамыту, эстетикалық тәрбиелеу, меценаттық және қайырымдылық дәстүрлерін сақтау. Бұл басты шара еліміздің жастары арасында заманауи әлемдік мәдениетті насихаттау, олардың классикалық музыка мен биге деген қызығушылығын арттыру, зайырлы этикетпен таныстыру және жастар арасында жаңа демалыс пен ойын-сауық дәстүрін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.

Өткізу күні мен уақыты: 28 наурыз 2023 ж. сағат 17:00

Өту орны: Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры