Әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны артып келеді

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде табысы жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейінен төмен миллионға жуық (909 259) адам өмір сүріп жатыр.

Медиандық жалақы (жұмысқа қабілетті тұрғындардың жартысы аратын жалақы) жұмысшылардың айлық табысының шынайы бейнесін көрсететін бірден-бір факт. Медиандық жалақы бойынша Қазақстан тұрғындарының табысын анықтайтын болсақ, еліміздің 66% халқы орташа жалақы мөлшерінен аз табыс табатынын білуге болады.

Статистикаға қайта көз жүгіртсек, елімізде жыл сайын жұмыспен қамту органдарына жүгінетіндер мен әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны артып келе жатқанын көруге болады.

Сондай-ақ, соңғы 3 жылда АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушылар бойынша аномальды статистика байқалды, олардың 2 жыл ішіндегі өсімі 2019 жылы бірден 93 есеге өсті.

 

Datametrics.