Жетісу облысының кәсіпкерлері ірі жобаны іске асыруға өз үлестерін қосты

Жетісу облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Достық – Мойынты темір жол тармағының екінші жолдарын салу жөніндегі жобаны іске асыруға өнім жеткізуге өңірдің тауар өндірушілерінің қатысу мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо баспасөзге сілтеме жасап.

Осы жобаның қажеттіліктеріне сәйкес өнімнің жаңа түрлерін игеру-бизнес субъектілерінің «ҚТЖ ҰК» АҚ өкілі Еркен Мейірбековпен және облыс басшылығымен кездесуіндегі басты мәселелердің бірі болды.

Кездесуге қатысушылар атап өткендей, кәсіпорындар темірбетон бұйымдарын, кабельдік, аккумуляторлық өнімдерді, металл конструкцияларды өндіруімен, сондай-ақ арнайы киім тігуімен айналысады. Осы саланын бәрін теміржол құрылысында қолдануға болады.

«Бүгінгі таңда Жетісу облысында 500-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, ассортиментте тамақ өнімдері, тігін бұйымдары, құрылыс материалдары және тағы басқаларда өндіріледі. Біздің облыстың тауар өндірушілері құрылыс материалдарының, кабельдік – өткізгіш өнімдердің, инертті материалдардың, темірбетон бұйымдарының, электр беру желілерінің тіректерінің қажетті көлемін жеткізуге дайын», — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Рустам Али.

«Темір жол құрылысы бойынша жобаны іске асыру 2027 жылға дейін жоспарланып отыр, ал жобалық — сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтаудың жоспарланған күні — ағымдағы жылдың екінші тоқсаны.  Жолдың ұзындығы — 836 км, оның ішінде де Жетісу облысы бойынша.  Жалпы құрылыс жұмыстары Қарағанды облысында өткен жылдың төртінші тоқсанында басталған. Күтілетін әсерлер — учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге арттыру, контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыру», — деді кездесу барысында «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалының ірі жобаларын іске асыру дирекциясының басшысы Еркен Мейірбеков.