Жақсымен өткен жарты сағат…

Бәрімізде бүгінгідей интернет әлемі дамымай тұрған кешегі өткен күндер де ауыл немесе қалада тұрсақта  қолымызға кітап, газет, журнал алып оқып өстік. Әсіресе сұлу сөзге кішкентайынан қызығып, үйінде бар советтік кезеңінде жазылған ақын – жазушылардың кітаптарын сүйіп оқитын ауыл баласы үшін әр жеті сайын келетін облыс, аудандық газеттердің жаңа санын күтіп ондағы жазылған мақалаларды оқып өзінше кішкентай бала жүректен өткізу көбіміздің басымыздан өтті деп ойлаймын. Сол бір арманшыл кезде кейін менде аға – әпкелерімдей болсам деген бала қиял арманның да шеті қылаң берері анық. Кейін оқу бітірген соң тағдыр солай болдыма, әлде өмірдің ағымы ма әйтеруір бір кездегі жазушы, ақын болам деген армандар кейбірімізде адамдардың, кейбірімізде басқа да бір себептермен орындалмай қап жатады. Менің де бір кезде Алпамыс, Қобланды батыр жырларымен қатар Мұқағали, Тұманбайдардың өлеңдерін жаттап арқасы бар алып ақын немесе актер, журналист болсам сол оқуға түссем деген ақ қанат армандарым орындалмай қалған….

Көп жыл өтседе бойда бар қасиет қалмайды екен. Кейде баяғы бала күннен танысым шабыт келгенде арасында қалам алып ақ қағазбен сырласатын сәттерім бар…

Бұрынғы жұмыс орынан қысқарып қалған соң күн көріс қамымен жұмыс қарастыра бастадым.. Көп жерге түйіндеме жібердім, Абай атамыздың сегіз аяқ өлеңңнде айтқандай «моласындай бақсының жалғыз қалдым» дегеніңдей жұмыссыз жүрген жанға да батады екен.. Жақында сол баяғы жұмыс іздеп облыс орталығына бардым бір жерге..жоғарыда айтып кеткен баяғы жартас боп дел – сал күйде Ж.Балапанов көшесі бойымен  келе жатқанымда алыстан жүрналистер үйінен  Жетісу» деген  жазуға көзім  түсті.. Жүрекке жылу берген бұл жазу өзіне тартып, ғимараттың ішіне кіруге шақырғандай сезілді маған. «Кірсем бе, кірмесем бе, деп жүрексініп, кіргенде не деп айтамын» деген оймен есік алдында ұзақ тұрдым.

Аяғында сенің қолыңнан келеді, тек саспа, деп  өзімді-өзім жігерлендіріп, облыстық«Жетісу» газеті редакциясына кірдім. Кабинеттердің сыртындағы атын оқып, дәлізді аралап жүріп кезінде ауылда бала кезде  қасиетті Қараталдың саңлақ қаламгерлері деп еститін Қараша Қараман, Әміре Әрін, Жұмахмет Жайлаубаев, Несіп Жүнісбаев ағаларымыздың жолын жалғап келе жатқан қарымды қаламгер Ришад Тұрғанбаев ағаның ашық тұрған кабинетіне кірдім. Кірген соң жөнімді айтып, қайдан келгенімді және келгендегі бұйымтайымды айттым.

Ришад аға жазғандарымды оқып шығып:

— Резюме болса маған жібер, тура дәл кәзір бізде орын жоқ әзірге, болып жатса міндетті шақырайын інім, — деп тағы біраз отырып:

— Журналистика ол қоғамдық ой-пікір мен дүниетанымды қалыптастыратын, сол уақыттағы нақтылы оқиғаларды барлық жағынан қамти отырып, ондағы ағымдар мен процестерге, сондай-ақ құбылыстарға түсінік бере алатын, әдеби-шығармашылық қызмет түрі. Журналистика саяси, салалық, тақырыптық т.б. басылымдар, радио және телебағдарламалар арқылы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғайтын мамандық иесі. Идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аударып, бірінші — ұйымдастырушылық, екінші — әдеби өңдеу, үшінші — шығармашылықпен айналысады.  Бұл жер қоғамның айнасы саналған қашанда, — деп біраз ойын айтып, сонымен қатар Жетісудың жауһарларының бірі күндіз күміс, түнде алтын қасиетті мекен Қаратал жайлы біраз әңгіме дүкен құрдық ағам екеуміз.

Сөз соңында айтпағым «жақсымен бірге өткізген жарты сағат, Жаманның өтіп кеткен өміріндей» демекші сұлу сөзді кен қазғандай қазып, журналистиканың майын ішкен қаламгер жерлес ағаммен кездесіп әңгімелескенім мен үшін бір рухани азық болды, тіпті тура кәзір газеттен дайын жұмыс табылмасада.

                                                         Қобланды Абенов