Ақмола облысында дарынды жастарды анықтады

Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы өңірдегі жастар ұйымдарын тарту және біріктіру, әлеуметтік белсенді, дарынды жастарды анықтау, жастардың кәсіби және шығармашылық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында «ІQ-турнир» атты сайысын өткізді.

Сайыс, жастар саясатын іске асыру жөнінде жастар ұйымдарының арасында ой жарыстыру, ой бөлісу түрінде өткізілді.

Аталған ойынның құрамында 3 адамнан аспайтын топ құру, әрбір топ құрамы бірдей киім үлгісін сақтау керек, әр ойыннан жетондарды жинау (жетондар ойынның соңында дрыс жауаптары көбірек болатын командаға берледі), сайыс мемлекеттік тілде өткізілу қажет сияқты шарттары болды.

Сайыстық бағдарламаны бағалау үшін құрамына мемлекеттік мекемелердің, жастар ұйымдарының өкілдері кіретін қазылар алқасы құрылды. Қазылар алқасы әр топтың жауап қағазын тексеріп, қорытындысын шығарып, сайыс жеңімпаздарын анықтады.

«Жалпы турнирге 8 жастар ұйымдары, яғни командалар қатысты. Ойын өте тартысты өтті, әр команда білімдерін одан әрі шыңдай түсті деген ойдамын. Айта кету керек, осындай турнир әр тоқсан сайын ұйымдар арасында өткізілетін болады. Жыл соңында ойынның қорытындысы анықталып, жеңімпаздарды арнайы сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттайтын боламыз», — деп Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының жастармен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Асия Закенай тоқталып кеткен болатын.

Сайыс  қорытындысы бойынша «Зерделі ұрпақ» ЖҚБ жеңімпаз атанып, естелік сыйлық табысталды.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі