«Жыланды» — бір нұсқада тоқталып қолдауымыз керек!

Қайырлы күн, ауылдастар, аға-іні, бауыр-жерлестер!

Биыл 8 ақпанда ауылдың атауын ауыстыру бойынша жиналыс болатынын білесіздер! Бір ай бойы талқылап, атауларды ұсындық! Бірақ түсінгеніміз атауға байланысты бөліндік. Қазақ негізі бөлінбеу керек! Бөлінгенді бөрі жейді дейді қазақта, дәл қазір сол жағдай болып жатыр. Қазақтың басын бірігу қиын екен. Тарихта да қазақтардың бірігуі көп айтылады. Сонда да үміт бар біздің бірлігіміз таусылмасын, тек нығая берсін! Бастамаларымыз оң, сәтті болсын деп тілейік! Ол үшін тек бір нұсқада тоқталып қолдауымыз керек деп санаймын!

Қадірлі ағайындар!

Енді өтетін жиналыс бойынша, әкім айтып жатқан норма мен заңға сүйенсек, ауылдың тұрғындары тек қатысып дауыс бере алады деген, пропискасы болу керек деген ережелер мен заңды өзі шығарып отыр. Біз барлық нормативті құқықтық актілерді зерттеп қарағанда, ондай нормалар мен заңда жазылмаған. Облыстық ономастика комиссиясы басшысы да айтады ондай норма жоқ деп. Сондықтан ауыл тұрғыны болсын, бұрын ауылда тұрса, қазір қалада тұратын көп жастар пропискасы болмаса да, тұрмаса да қатыса алады. Ондай шектеу жоқ! Сондай-ақ мешіт құрылысына белсенділік танытып, ақша жинап жатқанын өзінде бастамашы топтағы ауылдың жігіттері ауылдың болашағына алаңдайды олардың дауыстары ескерілу керек деп есептеймін. Біз мүдделес топпыз! Ауылдың атауын қоюға қатысу да біздің міндетіміз!

Кейбір ақпаратқа сәйкес әкім дауыс салу урналарын пайдаланбақшы, біз оған қарсымыз! Өйткені онда ашықтық болмайды. Дауыс беру тек жиналыс кезінде қол көтеру арқылы өту керек. Фото және видео фиксация арқылы санауға болады және көп жерлерде солай өткізеді. Сайлау урналарын ешкім қоймайды, яғни ол заңсыз, ашық емес болады.

Сондықтан егер біз ауылдың атын қазақша атауын берейік десек, барлығымыз 8 ақпанда сағат 11-00 де уақыт тауып, жұмыстан сұранып барып қатысуымыз керек! Бар жоғы жарты күн кетеді. Сіздің келгендеріңіз маңызды! Осы жолы ескі орысша атаумен қалып қалмайық, ағайын!

Жиналыстың регламент жайында кейін жазамын

Хамит Айдар