Сенатта Талдау мектебі биыл жалғасады

Желтоқсан айында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қолдауымен екінші Талдау мектебіне іріктеу өткен болатын. Жобаға қатысу үшін 300-ден астам өтініш берілді. Өтініштерді қараған конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша 60 адам іріктеп алынды.

Талдау мектебі 2023 жылдың 21 қаңтарында басталады. Сабақтар сенбі күні өтеді және 8 аптаға созылады. Қазақстандық және шетелдік танымал сарапшылар дәріскер және тәлімгер ретінде үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) сөз алады.

Талдау мектебі мемлекеттік басқарудағы, әлеуметтік және гуманитарлық саланы зерттеудегі, БАҚ-тағы талдау тәсілдерін күшейтуді мақсат етеді. Оқу процесі теорияны – өлшем шарттарды, стандарттарды және сапалы талдаудың ерекшеліктерін игеру; сондай-ақ талдау мәтіндерін жазудың іс жүзіндегі дағдыларын пысықтау төңірегінде өрістейді. Жобаның бастамашысы Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубы болып отыр.

Іріктеу барысында талдамалық материалдарды дайындау тәжірибесі мен ғылыми дәрежесі бар, сондай-ақ талдау құрылымдарында, мемлекеттік басқару жүйесінде, ұлттық компанияларда, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін кандидаттар артықшылыққа ие болды. Сондай-ақ Мектептің «Қазақстанның өңірлік дамуы: мәселелері мен болашағы» деген тақырыбына кандидаттардың ғылыми бағыт-бағдары мен зерттеу салаларының сәйкестігі назарға алынды.

Екінші Талдау мектебіне қатысушылардың тізімі

1. Адиханов Идаятулла, Назарбаев университетінде профессор ассистенті, Назарбаев университетінің «Білім беру» мамандығы бойынша докторанты

2. Айдашов Бағлан, «Eurasian Center For People Management» коммуникациялық жобасының жетекшісі, медиаменеджер және деректер талдаушысы

3. Айдосов Сержан, «Sapaly med Qyzmet» ЗТБ Атқарушы директоры

4. Айтбаев Досұлан, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі

5. Ақанова Жансая, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» Этносаралық жағдайға мониторинг жүргізу орталығының жетекші менеджері

6. Әлжанова Айгүл, Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің докторанты

7. Альшанская Анна, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты

8. Әубәкіров Дәурен, «SpaceLab» компаниясының негізін қалаушы, Бостон университетінің жобаларды басқару магистрі, IT-сарапшы

9. Әуезова Камила, Green Sustainability Institute and Partnerships – Орталық Азияда ерікті көміртегі нарығын құру жөніндегі жобаның жетекшісі, Орталық Еуропа университетінің халықаралық қатынастар магистрі (Австрия), эколог

10. Ахметжанова Аида, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті

11. Ахметжаров Слямжар, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Әдіснамалық зертханасының жетекшісі, Назарбаев университетінің докторанты

12. Байтеленов Рустен, «Атамекен» ҰКП Экономика және талдау департаментінің басқарушы директоры

13. Бақытнұр Іңкәр, Назарбаев университеті «Энергетика және экология зертанасының» ғылыми зерттеушісі, «Ryte.ai» жобасында дата-талдаушы (Қазақстан-Канада)

14. Бариева Гүлзада, Денсаулық сақтау саласы сарапшылары қауымдастығының аға сарапшысы, Назарбаев университеті Медицина мектебінің қоғамдық денсаулық сақтау магистрі

15. Беген Руслан, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» бағдарлама жобалары басқармасының жоба менеджері

16. Бұланбаев Тимур, Қазақстан Республикасы ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі кеңсесінің кеңесшісі

17. Ғалымжанұлы Ерлан, ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпараттық-талдау орталығының аға офицері

18. Герфанова Фатима, «Бизнес аумақтарын тұрақты дамыту қорының» Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестірушісі

19. Дәрменов Асқар, «Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы

20. Дәулеталин Абылайхан, БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестіру кеңсесінің деректерді басқару, мониторинг және есептілік саласындағы ұлттық даму жөніндегі қызметкері

21. Джаббаров Эмин, КАЗГЮУ университетінің аға оқытушысы, Бристоль университетінің халықаралық қауіпсіздік магистрі (Ұлыбритания)

22. Дүйсекеев Алтай, «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің басшысы

23. Жиенбаев Мирас, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Экономикалық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері, аймақтану магистрі

24. Жұмажанова Сәния, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығының директоры

25. Иминова Нұржамал, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының даму жөніндегі директоры

26. Қабдолла Асылхан, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жобаларды дамыту департаментінің бас сарапшысы

27. Қабыл Сүйіндік, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының бас менеджері

28. Қадырбек Жанар, «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің сарапшысы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аймақтану мамандығы бойынша докторант.

29. Қайым Сұлтанбек, «Eurasian Center For People Management» компаниясының Стратегиялық жоспарлау және адами даму саласындағы жобалар жетекшісі, Қазақстанның мұнай-газ химиясы қауымдастығы бас директорының кеңесшісі

30. Каримова Мәншүк, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Жоспарлау, талдау және есептілік департаменті директорының орынбасары

31. Қасқырбаева Гүлден, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының талдау және болжау тобының сарапшысы

32. Кочигит Жанерке, Назарбаев университетінің докторанты

33. Мамбеталиев Аман, беделді қорғау саласындағы сарапшы, блогер

34. Молдажанов Қуаныш, «Атамекен» ҰКП Салалық әдіснама және жиынтық талдау департаменті директорының орынбасары

35. Мұсатаева Фарида, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» Этносаралық қатынастарды талдау департаментінің бас менеджері

36. Мұхамедияров Азат, ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің бас консультанты

37. Мұхтарова Найла, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты.

38. Нәбиев Саят, Л.Н. Гумилев атындағы ЕУУ-дың аға оқытушысы, «тарих» мамандығы бойынша PhD

39. Нұрғалиева Айымгүл, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының Жобаларды дамыту департаменті директорының орынбасары

40. Оңғаров Талант, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамды жаңғырту департаменті директорының орынбасары

41. Отар Эльмира, «Astana IT University» қауымдастырылған профессоры

42. Рахматалиева Айнұр, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жобалық кеңсесінің басшысы

43. Рахметов Бауыржан, КАЗГЮУ Университеті Халықаралық экономика мектебінде assistant-professor,  Cardiff University Саясат және халықаралық қатынастар бойынша PhD

44. Сағынбаева Аяулым, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, демограф

45. Сайымова Шолпан, Қазақ-орыс халықаралық университетінің доценті, зерттеуші профессор, «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD

46. Самекина Сәуле, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік зерттеулер орталығы директорының орынбасары

47. Серікбеков Нұрбол, ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі Ақпараттық-талдау жұмысы секторының инспекторы

48. Смайылов Ұлан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ақпараттық талдау орталығы» директорының орынбасары

49. Таубаева Жазира, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің саясат, баспасөз және ақпарат бөлімінің бас маманы, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша PhD

50. Тілеубаева Камиля, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының» сарапшысы

51. Тоқаев Жақсылық, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Климаттың өзгеруі департаментінің директоры

52. Төкенов Абдулла, «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтының мониторинг бөлімінің бас сарапшысы

53. Төлемісова Жайнагүл, «Медиа Дамыту қоры» бас директорының кеңесшісі

54. Төсекбаев Қанат, №8 қалалық емханасының директоры (Астана), «Мемлекеттік басқару» магистрі

55. Тукушева Ләззат, «Nur Media» Холдингінің креативті шешімдер департаментінің директоры

56. Шәкеев Жанат, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің бас консультанты

57. Шораев Алмас, журналист, блогер

58. Шуриев Тельман, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндірістік департаментінің өндірістік активтерді басқару бағытының басшысы, Қазэнерджи декарбонизация және экологияны дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі, Томск политехникалық университетінің аспиранты,

59. Шымырбек Дәулет, «Астана халықаралық қаржы орталығы» Жасыл қаржы орталығының стратегия департаментінің аға офицері

60. Ысқақов Дәурен, ҚР Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің талдаушысы.

Сенаттың Баспасөз қызметі