Аналитикалық деректер жоғары білім сапасын арттыруға көмектеседі

Академиялық адалдық Лигасына кіретін жоғары оқу орындарының қызметіне қанағаттану деңгейі 79,9% құрады. Сауалнамаға Академиялық адалдық Лигасына кіретін 16 қазақстандық ЖОО-ның түрлі факультеттерінің білім алушылары қатысты.

Жүргізілген сауалнама нәтижелері 22 желтоқсанда Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналыс форумында таныстырылды, оған жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдері, ҚР Ғылым және жоғары білім вице – министрі Қуаныш Ерғалиев, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Дидар Смағұлов, сондай-ақ «Атамекен» ҚР ҰКП, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері және басқа да сарапшылар қатысты.

Алғаш рет еліміздің 16 жоғары оқу орнының білім алушылары мен оқытушыларының қанағаттануы бойынша өткізілген сауалнамалар мен оқу сессияларының нәтижелерімен таныстырылды. Сауалнамаға 25 000-нан астам респондент қатысты.

Зерттеуге 16 ЖОО-ның 23457 білім алушысы — лига мүшелері қатысты. Сауалнаманың орташа өту уақыты 13 минутты құрады. Сауалнама 10 негізгі санат бойынша жүргізілді:

  • Академиялық адалдық
  • пәндерді оқыту және бағалау,
  • бағалау және кері байланыс,
  • тіркеу кезінде пәндерді таңдау,
  • жеке даму,
  • академиялық қолдау,
  • ақпараттық ресурстар мен қызметтер, қатысу, материалдық-техникалық база және кампус, қашықтықтан оқыту.

Пайдаланылған есептеу әдістемесіне сәйкес — лигаға мүше жоғары оқу орындары бойынша қанағаттанудың орташа деңгейі 79.9% құрайды.

Сілтемеде дэшбордтар ұсынылған:

1. Сессиялар нәтижесі бойынша дэшборд

2. Оқушылар (бакалавриат, магистратура) сауалнамасы бойынша дэшборд

Академиялық адалдық лигасы