«BASTAU Talks» қоғамдық дәрісі өтті

Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жастарға арналған жыл сайынғы «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісін өткізді.

Қоғамдық дәрістің негізгі мақсаты жастарды елімізде бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және ынталандыру болып табылады.

Жыл сайынғы «Bastau Talks» қоғамдық дәрісін өткізудің өзектілігі біздің еліміздің стратегиялық міндеттеріне байланысты, атап айтқанда, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына кіру, нарықтық экономиканы дамыту, ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, «Мықты бизнес-мықты мемлекет» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік моделін құру.

Аталған шараға Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту орталығы», ТжКБ жоғарғы курс студенттері қатысты.

Спикерлер ретінде «Founderschool» жасөспірімдер көшбасшылығы мектебінің басшысы – Ильясова Динара Серікқызы, «ЖК Ramada Group» құрылыс фирмасының басшысы — Сүлейменова Индира Мұхтарқызы, «Fillin Group» бас директоры – Құрманалин Ринат Абайұлы, JK brand ЖК «Jk» тігін ісінің жетекшісі – Абдрахманова Жібек Қанатқызы қатысты.

Аталмыш дәрістің модераторы облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы – Мәнсия Есекеева болды. «Жастарға арналған бұл дәріс жұмыссыздықпен күрес және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша тиімді құрал болып табылады. Барлық қойылған міндеттерге қол жеткізу және ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жас кәсіпкерлерді қолдауды есте сақтау қажет, себебі жас қазақстандық — елдің болашағы және «Стратегия-2050» жемісін жинаушылар болып саналады. Біздің елімізде «Damu» қоры әзірлеген жастар кәсіпкерлігін қолдау, «Атамекен» ҰКП бағдарламалары кең ауқымды жұмыс істейді» — деп аталмыш шараның модераторы атап өткен болатын.

Спикерлер өздерінің бизнес жолындағы өмірлерін баяндап, жастармен бөлісті. «Fillin Group» бас директоры – Құрманалин Ринат өз сөзінде: «Ең бірінші жеке кәсіп ашу туралы идеяны пісіріп алған жөн. Көздеген бағытыңыз қандай, оған әлеуетіңіз, төзіміңіз бен уақытыңыз жеткілікті ме? Әлбетте, әр кәсіп әртүрлі. Демек қаржы да идеяның орасандығы мен көлеміне қарай құбылады» – деп тоқталып кетті.

Шара соңында жастар спикерлерге өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып,  толықтай жауап алды.

Ақмола облысы

              Ішкі саясат басқармасы

                              Ақмола облысы жастар-ресурстық

                          орталығының баспасөз қызметі

              (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)