Қуаныш Жұмабекұлы: «Құл ғана қожайын тілінде сөйлеуге құмар болады!»

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанның орыс тілінде сөйлейтін ел екенін атап өтті. Бұл өтірік емес.

30 жылда қазақша 30 сөз үйренбеген отандастарымыз әлі де жетерлік. Тіл білуді міндеттеуден басқа жол жоқ екені осыдан-ақ белгілі. Тіл үйренуге жағдай жоқ деуге келмес.

Мемлекеттік тілді міндеттейтін заң керек! Қазыбек Иса «Құл ғана қожайын тілінде сөйлеуге құмар болады!», — дейді. Қазақ тілі қазаққа ғана қажет!