20 жылдан астам тарихы бар Жайдарман

Жайдарман – еліміздегі ең алғашқы жастар арасындағы әзілден құралған ойын түрі. Астары бар әзіл, саясаттың қыр-сырын күлкі арқылы жеткізу, әрбір адамның қолынан келе бермейді. Осындай талантты жастар қоғамға үлестерін қосып және жалпы жастар саясатындағы қозғалысты дамытып, еліміздің рухани байлығын кеңейтуде атсалысып жүрген жастар баршылық. 20 жылдан астам тарихымен талай жастарды биік шыңдарда көрсетіп жүрген бұл ойынның орны ерекше.

Осыған орай, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «JAIDARMAN»  ашық әзіл-сықақ фестивалі өтеді. Ойын ағымдағы жылдың қараша айының 29 жұлдызында сағат 15:00-де  өтеді. Қызыққа толы жергілікті командаларынан бөлек, ойынға еліміздің өзге қалаларының үздік жайдарманшылары қатысады. Атап айтсақ, елордамыз Астана және Семей қалаларынан келіп, қатысатын қонақтар. Сондай-ақ, аталмыш шараға ҚР «Жайдарман» ойынының президенті Есен Елеукен қатысқалы отыр.

         Өтетін орны:  Ақмола облысы ББ жанындағы «Болашақ сарайы» ШЖҚ МКК

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі

            (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)