Бір мемлекет

Жастар — елдің болашағы. Студенттерді  оқыту  және тәрбиелеу өзара тығыз байланыста, сондықтан да қазіргі таңдағы тәрбие жұмысының  басты міндеттерінің бірі –  жастарды  отаншылдық, патриоттық және ұлттық рухта тәрбиелеу.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жастарға білім мен тәрбие беру  ісі қатар қойылған. Университетте жастарға білім беріп қана қоймай оларды ғылымға баулу мен мен тәрбие беру мәселелері бойынша түрлі конференция, тренинг, дөңгелек үстел  т.б. іс-шаралар өтіп тұрады.

«2022 жылдың 1-25 қараша аралығында  университетте  «Тарихи  тұлғалар – ел есінде» атты іс –шаралар аясында ХІХ ғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына арналған «Кенесары Қасымұлы – ұлт-азаттық күрестің символы» атты студенттер арасында университет көлемінде ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылып өтуде.  Осындай шараларды өткізудегі басты мақсат қазіргі жастарды ұлт мүддесіне тәрбиелеу, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қазақ тарихындағы орны бар тарихи тұлғаларды дәріптеу, білімге деген құлшыныстарының қалыптасуына дұрыс бағдар ұстауына жағдай жасау.

Ал топ арасында осындай өткізіліп жатқан іс шаралар  аясында  тарих-география мамандығының 1-курс магистранттары  «Бір шаңырақ астындағы халық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты шет мемлекеттерде орын алып жатқан соғыстар мен қақтығыстарды талқылап, бейбітшілікті сақтау басты тірегіміз екендігін  түсіндіру болды. Қазақстан көпэтносты мемлекет,  түрлі этнос өкілдерінің арасында өзара түсіністік пен сыйластық орнаған. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы тәуелсіздік пен егемендік үшін күресуге мәжбүр болды. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің, қауіп төнген сәтте топтасып, ынтымақтаса білуінің, өзге халықтармен тату-тәтті ынтымақтастықта, тату көршілікте өмір сүруге деген ұмтылысының арқасында тарих толқынында жоғалып кетпей, мемлекеттілігін қалпына келтіре алды.

Бүгінде Қазақстанда  тұратын 130-ға  жуық ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатыр. Қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер шығады, ұлттық театрлар жұмыс істейді, республикалық радио, телехабарлар бар.  Достық, өзара түсіністік, төзімділік басымдылық. Мұнда әрбір адам назар аударады, мәдени мұраны сақтауға және көбейтуге, басқа этностардың ерекшеліктерін тану арқылы байытуға мүмкіндік алады. Қазақстан халқы үшін достық пен толеранттылық бос сөз емес. Күн сайын Қазақстан халқының өкілдері ұлтына қарамастан қоғамның әрбір мүшесін түсінуге, бағалауға және құрметтеуге үйренеді.

Дөңгелек үстел барысында университетте оқитын әр-түрлі этнос өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, университеттің студенттер үшін жасаған мүмкіндіктері жайлы сөз қозғалды. Қазіргі таңда QS WUR рейтингісі бойынша ҚазҰУ әлемдегі үздік 200 университеттің қатарына кірді.

Жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеу, білім берудің көкейкесті мәселесі. Патриоттық қалыптастыру қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі мен ынтымағын нығайиуға өте қажет құндылықтардың бірі. Қазір қоғамда патриоттық ұғымына зор мән берілуде. Еліміздің тәуелсіздігін сақтау, халқымыздың өзара жарасымдылығында, ынтымағын сақтауда!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Профессор м.а Козғамбаева Г.Б
тарих факультетінің 1 курс магистранты Айберген М.Е.