Көкшетауда студенттерге арналған шара өтті

Көкшетауда бірінші курс студенттеріне арнап «Өз таңдауыңды жаса» атты презентациялық шарасы өтті.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында жиырмадан астам жастар бірлестіктері мен ұйымдары бар. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен бір бағытта жұмыс істейді.

Осыған байланысты, Халықаралық студенттер күніне орай, Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің 1 курс студенттеріне арнап, облыстың жастар саясаты мен студенттік ортасына бейімделуге көмек көрсету, түрлі бағыттар бойынша белсенді және перспективті студенттермен жұмыс ұйымдастыру, құқықтық сауаттылықты, СӨС және қоғамдық белсенділікті насихаттау, облыстық жастар-ресурстық орталығы қызметінің жалпы жоспарын орындау мақсатында «Өз таңдауыңды жаса» атты таныстыру бағдарламасы ұйымдастырылды. Айта кету керек, аталмыш шара жыл сайын жастар орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

Аталған іс-шараға «Kazmed Jastary» медициналық Жастар Республикалық қоғамдық бірлестігі, Ақмола облысының «Студенттер Альянсы», облыс бойынша «Street workout» қозғалысы, «Зияткер», «Молод» дебаттық клубтары, «Зерделі ұрпақ» жастар бірлестігі, «Думан» Ақмола облыстық педагогикалық жасағы, «Феникс» еріктілер орталығы, «The Legacy Show» би студиясы, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы, «Темірқазық»  кітап клубы және т.б. ұйымдардың қатысуымен өтті.

Ол жерде әр қатысқан жастар ұйымдары өздерінің қызметтері жайлы ақпарат беріп, әрбір орталықтың мүшесі болуға шақырды.

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева өз сөзінде жас адам өзіне өмірде жүзеге асыруға, өзіндік құндылық планкасын құруға көмектесетін басым құндылық ұстанымдарын, трендтерін нақты анықтауы тиіс, әр адам жеке әлеуетін, бар қабілеттерін іске асырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуы керек екенін атап өтті.

Кеш соңында Мәнсия Мұхтарқызы жастар ұйымдарына және студенттерге өзінің ризашылығын білдіріп, жастар ресурстық орталығына келіп, қандай да мәселелер болса бірлесе шешуге болатынын айқын айтып берді.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының

баспасөз қызметі

            (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)