Елорда орталығында Тұрсынбекованың жақтастары флешмоб өткізді

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың жақтастары ерекше флешмоб өткізді. Акцияны Астана орталығында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұйымдастырды.

Есіл өзенінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінде ерлер мен әйелдер тізбектеліп тұрды. Олардың әрқайсысы «Мен» деген сөзді айтып, тізбектің соңында актриса, қоғам қайраткері Айнұр Жүгінісова Салтанат Тұрсынбекованы қолдайтынын жеткізіп, сөзін аяқтады.

Ол бұл идеяға былай деп түсініктеме берді:

«Олай болса, бір-бірімізбен қол ұстаса отырып, біз бірігуіміз керек. Әр азамат бірін-бірі қолдаса, ер мен әйелге бөлінбейді, бәрі тұтастықта, бірлікте болады. «Бірлік бар жерде тірлік бар». Біз осы акцияны өткізу арқылы, ізгі құндылықтарды насихаттап жүрген Салтанат Тұрсынбековаға қолдау көрсеткіміз келді».

Ұйымдастырушы әртүрлі жастағы әйелдер мен ерлер өз кандидатын қолдау үшін суық ауа райын мен көктайғаққа да қарамай келгенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірлестік басқа да акциялар өткізген болатын. Әйелдер құқық қорғаушы ұсынған бастамаларға қолдау білдіру үшін Ақмола облысының Софиевка ауылындағы қар басқан кең далаға барды. Әртүрлі жастағы акцияға қатысушылар атқа қонып, қолдарына Қазақстанның туы мен кандидаттың есімі жазылған үгіт туын ұстап, серуен жасады.

Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова қоғам қайраткері, құқық қорғаушы, екі баланың анасы. Ол соңғы жылдары елімізде ең көп талқыланатын және резонансты тақырыптардың бірі- отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресудегі көп жылғы қажырлы еңбегімен танымал.

 

Салтанат Тұрсынбекова штабының

Баспасөз-хатшылығы

E-mail: tursynbekova.shtab@gmail.com

+7 702 667 07 00

+7 701 999 28 19

Instagram

Facebook

Twitter

TikTok