Қазақстандық туроператор Сейшел аралдарына тікелей рейстерді жариялады

2022 жылдың 26 ​​желтоқсанында FUN&SUN туроператорының Сейшел Республикасына чартерлік туралары басталады. Ұшу бағдарламалары аясында саяхатшыларға ұшақпен ұшуы, қонақ үйде тұруы және трансфері бар дайын турпакеттер ұсынылады.

Сейшел аралдарының астанасы Викторияға чартерлер Air Seychelles әуекомпаниясымен аптасына екі рет ұшатын болады. Рейстер ыңғайлы Airbus A320neo ұшағында жүзеге асырылады. Ұшақта 168 орын бар, оның 156-сы эконом, 12-сі бизнес-клас.

Алматыдан Викторияға ұшу ұзақтығы 9 сағатты құрайды. Осы уақыттың ішінде 50 минут Абу-Даби әуежайына қонып, қайта ұшу: ол уақытта саяхатшылар ұшақтан шықпайды.

«Бұл бағыттағы рейстер бұрын басқа елдерге трансфермен ғана жүзеге асырылатын, билеттер мен Сейшел аралдарына турлардың құнына айтарлықтай әсер ететін. Тікелей рейстің ашылуымен билет бағасы орташа есеппен 40%-ға арзандады», — деді FUN&SUN Kazakhstan коммерциялық директоры Едігенов Ренат.

Туроператор жергілікті үздік курорттық қонақүйлеріне кепілдендірілген брондау мүмкіндігін ұсынады. Сейшел аралдары жыл бойы жылуымен, құмды жағажайларымен және керемет әдемі маржан рифтерімен танымал. Оған қоса, Аралдарға барлық елдердің азаматтары үшін 30 күндік визасыз кіру мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ болашақта туроператор Сейшел аралдары мен Маврикийге біріктірілген турларды бастауды қарастыруда.