ҚР ПІБ медициналық орталығының 221 қызметкері күшейтілген режимде жұмыс атқаруда

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасының Медициналық орталығы Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесінің VI саммиті, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен «Орталық Азия – Ресей» саммитін өткізуді ұйымдастыруға белсенді қатысуда.

Маңызды іс-шараға Медициналық орталықтың 21 қызметкері, Медициналық орталық ауруханасынан 179, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығынан 21 қызметкер жұмылдырылған.

Қызметкерлерге қатысушыларды күтіп алу, медициналық тұрғыда көмек беру, санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүктелді.