Үлкен төрттіктің компаниясы Қазақстанның білім саласына инвестиция салады

«Есеп және аудит», «Қаржы» және «Экономика» бағдарламаларының әрбір төртінші түлегі конкурстық рәсімдерден өтіп, BIG4 компаниясының біреуінен оффер алды — Талғат Нәрікбаев КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде EY компаниясының оқу зертханасының тұсаукесері өтті. Оған Кавказ және Орталық Азия бойынша ЕY басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков пен КАЗГЮУ Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қатысты.

EY компаниясы даму мен білім беруге үлкен көңіл бөледі. Ерлан Досымбеков атап өткендей, «Біздің ұлттық мүдделерімізді негізге ала отырып, біз Қазақстанда білім берудің дамығанын және ең жоғары деңгейде ұсынылғанын қалаймыз».

Талғат Нәрікбаев өз сөзінде, КАЗГЮУ Экономика мектебі құрылған күннен бастап «Үлкен төрттік» компаниялары біздің студенттердің серіктес жұмыс берушісі, әсіресе «Есеп және аудит» және «Қаржы» бағдарламалары бойынша көп сұраныста. Осыған байланысты, кейінгі жылдарда біз тиісті агенттіктермен тығыз академиялық ынтымақтастық орнатып, АССА, GARP, CIMA сәйкес біздің білім беру бағдарламаларымызды аккредитациядан өттік, тіпті біздің түлектер ішкі емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда осы сертификаттардың бірқатар «қағаздарын» тапсырудан босатылады.

Айта кету керек, EY–де тағылымдамадан өтушілер саны екі есе өсті және бұл өте тұрақты үрдіс.