«SARMAD» ансамблі Алматыда концерт береді

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанындағы «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблі арман қала Алматы шаһарына іс-сапарға шықты.

«SARMAD» этно-фольклорлық ансамблі 2017 жылдың басында құрылды. Ансамбль өзгеше үнімен, қазақтың әндері, күйлері және әуендерді заманауи, этно-джаз стиліндегі орындауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ансамбль құрамында жетіген, адырна, шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай секілді қазақтың байырғы, қолданылмай кеткен, ұмытылып қалған аспаптары бар болғаны арқылы, бұл музыкалық ұжымның өзіндік стилі, сипаты, үні қалыптасқан.


Ансамбль жетекшісі және негізін қалаушы – «Алаш ұстазы» төс белгісінің иегері, Президенттің Құрмет грамотасының иегері, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты, мулти-инструменталист, композитор Бауыржан Ақтаев.

Дала жыры, рухты, қазақтың ән-күйлерін және әуендерін заманауи, этно-джаз стилінде ғажайып орындайтын өнер керуенінің «Көшпенділер рухы» атты концерттік бағдарламасын тамашалауға шақырамыз.

Өтетін орны: Құрманғазы оркестрі концерт залы,

Күні: 14 қыркүйек

Уақыты:19.00