Жолды асфальттау: Жаңақаладан Шыңғырлауға дейін 500 км. «АнушҚұрылыс» ЖШС-і биыл үлгереді ме?

«Әділдік жолы» РҚБ-і Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірге көлік жолдары саласындағы «Әділдікті талап ет!» жобасын жүзеге асыруда.

Біз goszakup.gov.kz порталын зерттеп, Жаңақала, Теректі, Бәйтерек және Шыңғырлау аудандарына бардық.

Аудан әкімдіктері «АнушҚұрылыс» ЖШС-мен шарт жасаған, бірақ олар мына бұзушылықтарды жіберген:

1 — Жаңақала кентінің 1 мамыр, Қисыққамыс, Мирманова және Бірлік көшелерін 276 млн. жөндеуге 04.04.2022 жылғы шарт. Бірақ, тек көшелердің бетін қырып қана қойған. Мерзімі 8 ай, оның 5 айы өтіп кетті. Мердігердің 3 айда жолдарды жөндеп бітуі белгісіз.

2 — Жаңақала ауданы Көпжасар ауылына дейін 14 км. жолды 909 млн. жөндеуге 02.06.2022 жылы шарт жасалған. Мерзімі 7 ай, алайда жөндеу жұмыстары тіпті басталмаған.

3 — Теректі ауданы Айтиев ауылына 1 км. кіреберіс жолды 157 млн. жөндеуге 07.02.2022 жылғы шарт бойынша мердігер жұмысты 3,5 айда аяқтау керек. Бірақ, жолдың беті тек қырылғанымен тұр.

4 — Теректі ауданы Тоқпай ауылына 674 м. кіреберіс жолды 110 млн. жөндеуге 03.02.2022 жылғы шарт бойынша мердігер бұл жұмысты да аяқсыз қалдырған.

5 — Бәйтерек ауданы Октябрьское және Жамбыл ауылдарына дейінгі 9 км. жолды жөндеуге 16.08.2021 жылы 446 млн. теңгеге шарт жасалған. Мерзімі 9,6 ай, шарт бойынша 30 пайыз аванс төленген.

Алайда, жарты жолдың беті қырылған, тегістелген, Самара-Шымкент трассасынан басталатын жол ескі асфальтпен жатыр.

6 – Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау кентінде 1 млрд. теңгеге 19 көшеге асфальт төсеуге (барлығы 4 лотқа бөлген) жасалған 01.03.2022 жылғы шарт бойынша міндеттемелер орындалмауда.

Мысалы, Жаңақала кентінің өзінде, Көпжасар ауылында және Шыңғырлау кентінде арнайы техника, жұмысшылар және басқа да қажеттілер құрал-жабдық әкелінбеген, құрылыстың нышаны жоқ.

Және Көпжасар ауылына кіре беріс» 0-14 шақырымына орташа жөндеу» жұмысы үшін 30 пайыз авансты — 272 813 240 теңгені алған.

Дегенмен, құрылыс жұмыстары тіпті басталмаған.

Күзгі жаңбырдың жақындап қалғанын ескерсек, барлық ауыл тұрғындарының жан-айқайы орынды.

ЖШС-нің жұмыстарды бастамауының бір себебі, олардың көптеген тендерді алғандықтан, құрылысқа техникаларының мен жұмысшыларының жетіспеуінде және объектілерінің арасының өте қашықтығы — 500 км (Жаңақала мен Шыңғырлау арасы).

Сондай-ақ, порталға сай ЖШС 2020-2022 жылдары тек БҚО-да 10,7 млрд. теңгенің 40 шартын жасаған (кейбіреуі біз көзден алынған).

2020 16 шарт 2,1 млрд.
2021 11 шарт 4,3 млрд.
2022 13 шарт 4,2 млрд.

Басқа шарттары: Тасқала ауданы Бірлік а. (129 млн.), Бәйтерек ауданы Переметное-Шалғай жолы (533 млн.), Теректі ауданы Магистральный а. (97 млн.) және Жаңа-Өмір а. (206 млн.), Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау-Лубенка-Лебедевка жолы (770 млн.).

Енді «АнушҚұрылыс» жұмысты бастайды ма? Жаңақаланы бастайды ма әлде Шыңғырлауға шабады ма?

Бұған аудан әкімдері жауап бере алады ма?

Коррупция туралы бізге 1463 номеріне және adildik.kz сайтына жолдаңыз.

Бейқам болмайық!