«Медиасауаттылық және киберқауіпсіздік» жаңа жобасы басталды

Елімізде «Медиасауаттылық және киберқауіпсіздік» жаңа жобасы басталды. Жоба АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен консулдығының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба 2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың маусым айына дейін жүргізіледі.

Жоба цифрлық технологиялар мен интернет-ресурстарды қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін заманауи әлемде өмір сүруге қажетті жастардың білім деңгейін және құзыреттіліктерін арттыру курсы мен оқу материалдарын жасауға бағытталған. Курс колледж студенттері болып табылатын қазақ тілді жастарға арналған.

Қазіргі таңда елімізде цифрлық орта қарқынды дамып келеді. Жастар жаңа технологияларды белсенді қолдануда. Ал қазіргі жағдайда Интернеттен ақпаратты табу ғана емес, оның сапасы мен сенімділігін бағалау өте маңызды.

Жоба аясында Ақтау және Жезқазған қалаларынан 16 мен 20 жас аралығындағы 100-ге жуық жасты оқыту жоспарлануда.  Жобаның нәтижесі— қазақ және орыс тілдерінде БАҚ және цифрлық сауаттылық бойынша оқыту бағдарламасын ұйымдастыру, БАҚ шығармашылығымен айналысатын жастар санын арттыру, интернетте БАҚ ақпаратын қауіпсіз тұтыну проблемасына қоғамның назарын аудару, жастардың медиа және цифрлық сауаттылығын арттыру.

Жоба туралы толық ақпаратты: @mediasauat парақшасынан және 87472002127 телефоны (ватсап) арқылы білуге болады.